Оқу бөлімі
Оқу бөлімі ҚР Білім Министрлігінің нормативтік құжаттарына, ҚР Конституциясына, ҚР Білім туралы Заңдарына, СМЖ, сондай-ақ оқу бөлімінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жұмыс істейді
Оқу бөлімі:
— оқу бөлімінің сапа саласындағы мақсаттарын іске асырады;
— басшылық талаптарының жедел орындалуын қамтамасыз етеді;
— кафедра жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
— оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін енгізуді бақылайды;
— Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастыруға қатысады және бақылайды;
— мемлекеттік емтихандардың және дипломдық жобалардың (жұмыстардың)қорғалу барысын бақылауды жүзеге асырады;
— Ғылыми кеңестің жұмысына қатысады, сондай-ақ олардың оқу жұмысы бойынша шешімдерінің іске асырылуын бақылайды;
— Университет факультеттерінде оқу процесінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
— аттестаттау комиссиясының және басқа да тексеруші және инспекциялаушы комиссиялардың ескертулерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылайды;
— жас оқытушылар курстарының ұйымдастырылуы мен қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
— жоғары тұрған органдардың оқу мәселелері бойынша жазбаша сұрау салуларына жауап береді;
— мамандықтардың ОЖЖ әзірленуін, олардың үлгілік оқу жоспарларына, СМЖ сәйкестігін және оларды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетілуін бақылайды;
— оқу жүктемесінің көлемін есепке алуды тексереді және бақылайды;
— кафедралардың штатын анықтайды;
— сынақтар мен емтихандар кестесінің оқу процесінің кестесіне сәйкестігін бақылайды.
— аудиториялық қорды және сабақ кестесінің орындалуын бақылайды.
Құжаттар: