Бөлім қызметінің мақсаты білім беру сапасын қамтамасыз ету тетігі ретінде оқу қызметінің мониторингі мен талдау жүйесін құру, жұмыс істеуі және жетілдіру болып табылады.
Негізгі мақсат шеңберінде бөлім келесі міндеттерді орындайды::
1. ЖОО-ның білім беру қызметін мониторингтік зерттеулердің әдістемелері мен рәсімдерін жетілдіру
2. Университеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі оқу қызметі сапасының ішкі аудиті. 3. Жалпы білім беру бағдарламалары шеңберінде университеттің оқу қызметінің сипаттамаларын жинау және талдамалық өңдеу.
4. Оқу бөлімшелеріне консультациялық-ақпараттық көмек көрсету.
5. Университеттің оқу қызметінің тиімділігін, динамикасын және даму тенденциясын көрсететін ақпаратты жинақтау.
6. Басшылықты хабардар ету және ақпараттық-талдамалық материалдарды және ЖОО-ның оқу қызметіндегі жетістіктерін тарату.
Бөлімнің функциялары
1. Мониторинг, бағалау (өлшеу), талдау және жақсарту процестерін жоспарлау және әзірлеу.
2. Оқу процесінің (әдістемелік, ұйымдастырушылық) сапасын ресурстық және ақпараттық қамтамасыз етуді талдау.
3. Студенттердің үлгерімі мен білім сапасын бақылауды жүзеге асыруды талдау.
4. Институттың білім беру бөлімшелерінің оқу қызметі, мониторингтік зерттеулер саласындағы жұмысын бақылау және аудит, оларды тарату
5. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін үйлестіру және қатысу;
6. ҚР институционалдық және бағдарламалық рейтингтерге қатысу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
7. Университеттегі білім сапасын талдау және бағалауға қатысу;
8. Университеттің білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
9. Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу