«Тілдер» апталығы аясында дөңгелек үстел өтті

«Тілдер және әдебиет» кафедрасының магистр, аға оқытушылары А.А.Болатова, М.Е.Алибекованың ұйымдастыруымен, «Тілдер» апталығы аясында, 05.12.2023ж. сағат 14:00, №404 дәрісханада “Effectiveness and negative impact of teaching English at an early age” («Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың тиімділігі мен кері әсері»)  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Педагогика және тілдер» факультетінің 6В01705 — Шетел тілі: екі шетел тілі және 6В02301 – Аударма ісі білім беру бағдарламаларының 1,2,3,4 курс білім алушылары қатысты.

Іс-шараға кафедраның ф.ғ.к., доценті Р.Б.Таукебаева, ф.ғ.к., аға оқытушы Ереханова Ф.Т., магистр, аға оқытушы Даулеталиева Д.М., Нарзуллаева А.С. және тағы басқа оқытушылар белсене қатысты.

Дөңгелек үстел қонағы шетелдік маман, магистр MBA, Arnold O’kere қатысып, өзінің ұстаздық жолындағы ең үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында «Ағылшын тілін ерте жастан үйретудің қазіргі дамыған елдерде қажеттілігін және заман талабы – тілдерді оңай меңгердің қыр-сырларын көрсете білді. Білім алушылардың жеке пікірлерін ескере отырып, тілді ерте жастан меңгерудің кері әсерлерін де тілге тиек етті. «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының білім алушылары да қатысқандықтан, болашақтағы олардың мүмкіндіктерін, қазіргі кезде сүранысқа ие мамандық екендігін айтып, түсіндірді. Білім алушылар арасында пікір-сайыс қызықты өтті.

Сөз соңында, білім алушылардың  белсенділігіне  риза болып, кейінгі уақытта да білім алушылармен байланыста болатындығын айтып өтті.

Кафедраның ПОҚ-құрамы да белсене қатысып, білім алушыларға өз ұсыныс, тілектерін айтты.

Кафедра меңгерушісі Ш. Бакирова іс-шараны жоғарғы дәрежеде ұйымдастырғаны үшін А.А. Болатова, М.Е. Алибековаға өз алғысын білдірді.

Share this Post