Шымкент қаласының прокуратурасының ұйымдастыруымен 06 желтоқсан 2023 жылы Орталық Азия инновациялық университетінде кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жасөспірімдердің құқықтық санасын жоғарылату, құқық бұзушылықтың профилактикасы, қоғамдағы негізгі құндылықтар, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар, балалар арасындағы суицид, түнгі уақытта жалғыз қыдыру, ойын сауық орындарына бару, қылмыс жасау салдары,әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықты насихаттау ақпараттардың жастардың дамуына кері әсер ететіндігі туралы және т.б. өзекті мәселелерді қамту болып табылады.