Қараша айының 1-ші жұлдызында, “Тілдер және әдебиет” кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, Досжан Райхангүл Абдуғалиқызы, “Топонимдердің ареалын анықтаудағы түркілердің терең этникалық түптамырының рөлі” тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Ғылыми семинардың мақсаты: Ұлтымыздың, тіліміздің, жеріміздің шығу тарихын, түп тамырын тереңінен зерттеу және оны болашақ жастарға нақты дәлелдермен жеткізу. Жастардың тарихымызға деген қызығушылығын, партриоттық сезімдерін ояту.
Ғылыми семинарда:
— Еуразия Ұлттық университетінен, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекжан Әбдуәлиұлы ZOOM платформасы арқылы тақырып аясында онлайн баяндама оқыды.
— Тешенов университетінен, филология ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушылар, А.А.Аккозов және Б.Е.Қалыбеков пікір қалдырып, жарыссөзде өз ойларымен бөлісті.
— Университетіміздің ғылым проректоры Жаркинбеков М.А. белсене атсалысып, тарихымыздың тереңдігін, қазіргі ғылым салысында бұл тақырыптың бүкіләлемге қызықты екенін қатысушы білім алушыларға түсіндірді.
— филология ғылымдарының докторы, Досжан Райхангүл Абдуғалиқызы тақырыпты тереңінен түсіндіру мақсатында көркем презентациямен ғылыми баяндама оқыды.
— “Педагогика және Тілдер” факультеті, “Тілдер және әдебиет” кафедрасының оқытушылары және 2-3 курс білім алушылары тақырып аясында сөз қозғап, сұрақ қойып және қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.