14.03.2024 жылы «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «Экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты экономикалық мамандықтар студенттері арасында экономикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды және талантты білім алушыларды қолдау, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, білім алушылар мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту, ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту. Олимпиадаға 4 команда қатысты.
Университет ректоры т.ғ.к., профессор А.С.Ажидинов кіріспе сөз сөйлеп, олимпиада қатысушыларына жеңіс тіледі.
Олимпиада 5 турдан өтті: командаларды таныстыру, тесттік тапсырмалар, «Ситуациялық тапсырма», экономикалық есептер, бизнес-жобаларды қорғау. Командалар 4 тур бойынша тапсырмаларды орындап, 5 кезең бойынша ғылыми жоба бойынаша, кондитер, қызмет көрсету, тоқыма саласы бойынша жобаларын ұсынды. 1 орын «Бүркіт» командасы, 2 орын «Миллион» командасы, 3 орын «KAIZEN» және «Жалын» командалары алды.
Қорытындылай келе, университеттің Ғылыми зерттеу орталығының басшысы т.ғ.к. М.А. Жаркинбеков, кафедра меңгерушісі э.ғ.к. А.А.Камалов шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жобаларды ерекше атап өтіп алғыс хаттармен марапаттады.