22 ақпанда Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылындағы Орталық Азия инновациялық Университеті Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетов атындағы мектеп базасында аудан мектептерінің түлектері арасында ағылшын тілі пәнінен Олимпиада өткізді. Бұл іс-шара Түркістан облысының аудан орталықтарында пәндік олимпиадаларды, конкурстарды танымал ету шеңберінде жыл сайын дәстүрлі болып табылады, сондай-ақ мектеп оқушылары мен түлектерін Орталық Азия инновациялық университетінің қызметімен таныстырады. Іс-шара аудандық білім бөлімінің қолдауымен «Тілдер» кафедрасының қатысуымен ұйымдастырылды. Аталған байқауға ауданның 33 мектебінен 36 қатысушы қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті, тапсырмалар 30 сұрақтан 10 нұсқада ұсынылды. 1 кезеңнің жеңімпаздары мектептердің 6 қатысушысы болды. 2 кезеңге қатысушылар ағылшын тілінде эссе тапсырды. 2 кезеңнің қорытындысы бойынша Нысанбайұлы атындағы мектептің қатысушысы Алиаскар Айгүл ОАИУ білім беру грантының иегері және жеңімпаз атанды, жетекшісі Аширали Б., 2 орын және сертификатты Күнгебай Адеми, жетекшісі Шегебаева А, А. Ерназаров атындағы мектеп, 3 орынды Ақан Бигул, жетекшісі Өтебек А. Д. А. Қонаев атындағы мектеп алды.
Университет атынан аталған іс-шараны жоғары ұйымдастырғаны үшін университеттің ҒЗО бастығы М.А. Жаркинбеков, ҒЗО ғылыми қызметкері М.И.Ақылбаев Сағадат Нұрмағанбетов атындағы мектеп әкімшілігі мен аудандық білім бөліміне алғыс білдірді.