БББ-ның аты мен шифры: 6В01704 Қазақ тілі мен әдебиеті
БББ-ның мақсаты: педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыру мен басқару дағдыларын, оқытудың жаңа инновациялық технологияларын меңгерген қазақ тілі мен әдебиеті саласында толыққанды және сапалы кәсіптік білімі бар мұғалімдер даярлау
Бітіруші түлектің кәсіби қызмет саласы:
– қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
– іс қағаздарын жүргізуші
– тілші-әдебиетші
– әдеби кеңесші
– кіші ғылыми қызметкер
– ұйымдастырушы-басқарушы
БББ–ныңбірегейлігі: қазақ әдебиеті мен лингвистикасының әртүрлі салаларына, қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің даму тарихына, қазақ халқының ұлттық құндылықтарына еркін бағдарланған озық әдістемелерді меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған.