Орталық Азия Инновациялық Университетінің жастар бөлімі мен белсенді студенттері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды!
Кеш барысында университеттің талантты жастары өз өнерлерін ортаға салып, ұстаздарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Бағдарлама аясында:
Әсем әндер мен жыр шумақтары – студенттер апайларға арнап жүрекжарды өлеңдерін оқыды.
Көңілді пародиялар – ұстаздарға арналған ерекше әзіл қойылымдар көрермендерді күлкіге қарық қылды.
Лотерея ойындары – кеш қонақтары арасында қызықты сыйлықтар ойнатылды.