Біздің студенттердің Altyn ÖRNEK Халықаралық дизайнерлер мен сәнгерлер байқауындағы жетістігі

Сәуір айының 25-26 күндері Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен ALTYN ÖRNEK атты жас дизайнерлер мен сәнгерлердің халықаралық байқауы өтті. Байқауға 30-дан астам коллекция ұсынылды. Соның ішінде Орталық Азия Инновациялық Университеті атынан «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының 6В02103 — Дизайн мамандығы, жетекшісі Юнусова Дильдора Авазовнамен ДзОк 21-1һ 3-курс студенттері Абдықадыр Нұрсара;Нұрсейтова Ырысай;Абайхан Динара; Мейманқұл Айда; Төлебай Динара қатысты. Байқауға «Азаттық рухы» және «Сары алқап арулары» коллекциялары ұсынылып арнайы сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ Опера және балет театры дизайнері Сабира Даулеталиевадан «Азаттық рухы» коллекция авторлары Абдықадыр Нұрсара, Нұрсейтова Ырысай арнайы алғыс хатпен марапатталды. #дизайн #кәсіптік_оқыту

Share this Post