Студенттер белгілі актер, режиссер, сценарист, жайдарманшымен кездесті

Бүгін біздің білім алушылар белгілі актер, режиссер, сценарист, жайдарманшы Нұрсұлтан Мейірбекпен кездесті. Кездесу барысында белсенді жастар қоғамның дертіне айналған лудамания мәселесін қозғады. “Азартник” фильмінің сценаристі және актері аталмыш тақырып жайында толыққанды ақпарат беріп, жастарды ол жеңіл жолмен ақша таппауға, ақылмен жұмыс істеуге, бұндай жолдың соңы қайғымен аяқталатынын түсіндірді. Студенттер өз кезегінде фильмдегі персонаждар, проблемадан шығу жолдары сондай-ақ, жобаның түсіру барысы жайында сұрақтар қойды.

Share this Post