«Музыканы оқыту әдістемесі» бойынша XVI Республикалық пәндік студентер олимпиадасы өтті

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ, ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың 1-2 сәуір аралығында «Музыкалық білім беру»білім беру бағдарламасының   «Музыканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өтті. Олимпиада  екі номинация: «Музыканы оқыту әдістемесі» және «Музыкалық ағартушылық» бойынша жүргізілді.

Аталған олимпиадаға Орталық Азия инновациялық университетінің  МОк 21-1h тобының  білім  алушысы Тураббаева Жамила,  жетекшісі аға оқытушы Мурзабаева Манзура Абдыкадыровна және  МОк 21-1h тобының  білім  алушысы Абдулла Айнәзік,  жетекшісі аға оқытушы ҚР Мәдениет қайраткері Кайнарбаева Айгул Калмахановна да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«Музыканы оқыту әдістемесі» номинациясына қатысушы – 3 курс білім  алушысы Тураббаева Жамила Ирисваевна «Қазақ оркестрін  тұңғыш ұйымдастырушы –  Ахмет Жұбанов»  атты тақырыпта сабақ өтті.

«Музыкалық ағарту» номинациясына қатысушы – 3 курс білім  алушысы Абдулла Айнәзік «Музыка – менің жан дүнием» атты тақырыпта презентация қорғады.

Нәтижесінде  XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадада Тураббаева Жамила (жетекшісі: аға оқытушы Мурзабаева М.А.)    жүлделі ІІІ- орынға ие болды.

Ал, студентіміз  Абдулла Айнәзік (жетекшісі: ҚР мәдениет қайраткері Кайнарбаева А.К.) – «Музыка мұғалімінің педагогикалық артистизмі» атты номинацияға лайықты деп танылып дипломмен марапатталды.

Share this Post