2024 жылдың 25-26 наурыз айында Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің роман-герман филологиясы факультетінде «Орталық Азияда неміс тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан 50-ге жуық профессор-оқытушылар, Германия мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарынан 150 профессор-оқытушылар қатысты.
Шымкент қаласынан Орталық Азия инновациялық университеті,«Тілдер және әдебиет» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Турсунова Т.Ж. өзінің «Орта Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтағы Жоғары білімнің рөлі» атты баяндамасымен конференцияға қатысты.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасында неміс тілін оқытудағы аймақтық ынтымақтастық, неміс филологиясының өзекті мәселелері, неміс тілін оқытудағы инновациялық және цифрлық технологиялар, неміс тілін кәсіптік бағдар беру, мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері талқыланды.