2024 жылдың 1 наурызында сағат 11-де Түркістан облысы Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында математика пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиада С. Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2 аудиторияда өтті. Олимпиадаға 40-қа жуық оқушы қатысты. Аталған іс-шараға «Жиделі» ЖОМ, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы, Ж. А. Ташенова ЖОМ, .А. Тілеубердин атындағы орта мектебі, А. Макаренко атындағы орта мектебі, № 8 В. Комаров атындағы орта мектебі, және т.б. 2 турдың қорытындысы бойынша бірінші орын және толық оқу мерзіміне білім беру грантының иегері М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Еркін Аян болды, жетекшісі Ақпанбетова Жанат; 2 орын иегері В. Комаров атындағы № 8 орта мектептің оқушысы Өтеуов Даниил болды, жетекшісі Баелова Айсұлу Нағанбекқызы; 3 орынды иеленген Батырхан Қарлығаш, Жиделі ЖОББМ-нің оқушысы, жетекшісі Апсенов Жасулан. Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1 кезең: тест тапсырмалары (50 минут); 2 кезең: деңгейлік тапсырмалар (45 минут). Тест сұрақтары 15 сұрақтан тұрды. Бір дұрыс жауап 1 ұпайға тең болды. Ережеге сәйкес 1 кезеңді 15 балл жинаған оқушылар ғана жеңді. 2-ші кезеңге тек 1-ші кезеңнен өткен оқушылар қатысты. Соңғы кезең қатысушылардың қорытындысын шығарумен және жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды