Орталық Азия Инновациялық университетінің 3 курс білім алушысы СҰЛТАНБЕК ЗЕЙНЕП шахматтан қыздар арасындағы Батыс Азия чемпионатының (Коломбо, Шри-Ланка) абсолютті чемпионы атанды. Студентіміз жылдам шахмат чемпионатында қарсыластарынан басымдығын көрсетіп, кейін классикалық турнирде жеңіске жетті.
Ал финалда блицте үздік атанды. Нәтижесінде – үш алтын медаль! Айта кетейік Сұлтанбек Зейнеп ОАИУ-нің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3- курс білім алушысы.