«Тілдер» апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Желтоқсан айының 4-ші жұлдызында, “Тілдер және әдебиет” кафедрасының ұйымдастыруымен «Көптілді тұлғаны қалыптастыру — бәсекеге қабілетті қоғам құрудың кепілі» тақырыбында, «Тілдер» апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Апталықтың мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, көптілділік саясатын дамыту. Білім алушылардың тілге деген құрметін, қызығушылығын, партриоттық сезімдерін ояту.
Апталықтың ашылу салтанатында:
— Кафедра апталыққа сай университеттің ішін арнайы көрнекіліктермен безендіріп, кафедрада оқытылатын тілдерді таныстыру мақсатында әр тілдің ұлттық киімдері мен тағамдарын ұсынды;
— Университетке келген қонақтар мен жұмысқа келген оқытушылар құрамын ұлттық аспаптарда ойлатылған әуендер мен тіліміздің құрметін көтеру мақсатында тәттілерге жазылған қанатты сөздермен күтіп алды;
— Университетіміздің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, проффессор, Ажидинов Акмалдин Сапардинович арнайы сөз сөйлеп, апталықтардың өткізілу мақсатын түсіндіріп, білім алушылар мен кафедра оқытушыларына сәттілік тіледі;
— Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Тоқтағұл Бикамал Сағатбекқызы арнайы баяндама оқып, іс-шараның мақсаты мен бағдарламасымен таныстырып апталықты ашық деп жариялады;


— Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Алиева Гайни Амерсейтовна сөз сөйлеп, білім алушыларды белсене ат салысуға шақырды;
— Сонымен қатар апталықтың ашылу салтанатында университетіміздің Оқу-ісі жөніндегі проректоры Дуйсенов Н.Ж., Ғылым проректоры Жаркинбеков М.А., Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Хайдаров Н.Ш., “Педагогика және Тілдер” факультетінің деканы З.Е.Сыдыкова, «Жаратылыстану және техника» факультетінің деканы Мұхтар Абишев және тағы да басқа мұғалімдер мен басшылық құрамы кафедраның оқытушылар мен білім алушыларымен бірлесе дайындаған салтанатты ашылу рәсіміне куәгер болып, арнайы дайындалған дастарқаннан дәм татты.

Share this Post