20 қараша 2023ж. Орталық Азия инновациялық университетінің «Құқық» кафедрасының ұйымдастырумен«Құқықтық сауаттылық» апталығының ашылуы өтті.
Апталық мақсаты: Заңды әркім білуге міндетті екендігін, сонымен қатар өз құқығын қорғай білуге, өз санасында құқықтық сананы қалыптастыруға, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыруға, Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға, патриоттық тәрбие беруге әр бір азамат міндетті.
Құқық қорғау қызметкерлермен, судьялармен, сот орындаушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Аталмыш кездесуге Шымкент қалалық Полиция Департаменті Тұран аудандық полиция басқармасының, жергілікті полиция аға лейтенанты Илияс Серікболсын, Шымкент қалалық Полиция Департаменті Тұран аудандық полиция басқармасының, жергілікті катардағы полиция Бектас Нұрсұлтан, Шымкент қалалық сотының судьялары Ауелбекова Ляззат Сейтхановна, Бакирова Элеонора Курбанбаевна, Шертаева Мая Ильясхановна және Шымкент қаласының сот орындаушысы Қанібек Ғабит Ұлықбекұлы қатысты.