14-қараша күні «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруындағы апталық университетіміздің «Студенттер үйінде» жалғасын тапты. Кафедра ОПҚ, университетіміздің белсенді білім алушылары, бітірушілер мен жатақханада орналасқан жастар арасында «Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында салтанатты шара өткізілді. Алдымен қонақтар бір-бірімен достық қарым-қатынас орнату мақсатында жатақхана тыныс-тіршілігімен танысып, жатақхана тұрғындарының жағдайларын білді.
Кездесу барысында оқытушылар жастардың уақытты салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, керісінше жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Бітіруші түлектер студенттік кездегі қызықты естеліктермен бөлісті. Жастардың шығармашылық байланыстарын нығайтып, білім алушыларды ізденгіштікке, тапқырлыққа, белсенділікке тарту мақсатында кешке қатысушыларға қызықты сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмалар берілді. Кеш соңы көңілді ән мен биге ұласты.