Ағымдағы жылдың 19 қазан күні академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университеті мен Орталық Азия Инновациялық университетінің ғимаратында, Ақтөбе қаласының “Халықаралық шығармашылық пен ғылымды қолдау қоры” қоғамдық қорымен, М. Әуезов университетінің ұйымдастыруымен «Жастар және ғылым: қазірі мен болашағы» тақырыбында конференция өтті. Бұл конференция – оқушылар мен студенттердің ғылыми шығармашылыққа, зерттеуге, экспериментке деген қызығушылығын ояту мақсатты көздейді. Конференцияға республиканың барлық өңірінен жалпы 372 қатысты. Үздік ғылыми жұмыстар мен жобаларды таныстырған Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды мен Түркістан облысы және Шымкент қаласынан келген мектеп оқушылары, колледж бен ЖОО студенттері ғылыми жұмыстары мен жобаларын жас санаттары бойынша 6 секцияда таныстырды. Ғылыми жұмыстар мен жобаларды қазылар алқасы осы секцияларда бағалады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша үздік жұмыстар қаржылай сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.