12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аза тұту мерзімі ішінде барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы туларды тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсіру қажет. Бүкіл ел бойынша мәдени-көпшілік іс-шаралар тоқтатылады.

Ұлттық аза тұту күні, ең алдымен, БАҚ қызметіне және олардың интернет-ресурстарын ресімдеуге байланысты бірқатар шараларды сақтауды қамтамасыз ету ұсынылады:

  1. Жалпыұлттық аза тұту күні БАҚ және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын (оның ішінде логотиптерді) ресімдеу кезіндеұсынылады:

  • Сайт беттерінің жоғарғы бөлігінінің бүкіл еніне мынадай мазмұндағы жазумен баннер орналастыру: «2023 жылғы 12 маусым-Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні».

Баннердің түсі-қара, мәтіннің түсі-ақ. Мәтін тілі пайдаланушының ресурсты дәл қазір қолданатын тіл нұсқасына байланысты болады. Баннер басуға қолайлы болуы керек. Оны басу кезінде аза тұтылған оқиғаға арналған түсіндірме мақалаға көшуді жүзеге асыру ұсынылады. Сонымен қатар, баннер беттің жоғарғы бөлігіне байланыстырылуы тиіс (бетті қарау кезінде айналмауы тиіс). Ресімдеудің үлгісі Қосымшада берілген.

  • Сайттың түсін қара-ақ түсті гаммаға өзгерту. Сонымен қатар, фотосуреттердің бастапқы түстерін сақтап, тек сайттарды безендіру элементтерін ғана қара-ақ етіп жасау қажет.

  • Телеарналар логотиптерінің түс гаммасын қара-ақ түске өзгерту.

  1. Ұлттық аза тұту күні бойы БАҚ-тың және мемлекеттік органдардың сайттарының барлық беттеріненкез-келген жарнамалық баннерлерді, ойын-сауық және интерактивті элементтерді алып тастау ұсынылады.

  2. Сайттардың дыбыстық сүйемелдеуіболған жағдайда, өшіру ұсынылады.

  3. Жалпыұлттық Аза тұту күніне қатысты барлық материалдарға пікір қалдыру функциясын барлық сайттарда өшіруұсынылады. Бұл шара жағымсыз көп пікірлерді, соның ішінде аза тұту жарияланған адамдар туралы пікірлерді болдырмау мақсатында жүргізіледі. Балама нұсқа ретінде Ұлттық аза тұтуды жариялау себептеріне байланысты жарияланымдарға пікірлерді модерациялау саясатын қатаңдату мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

  4. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты оқиғаларға арналған материалдар басты беттің жоғарғы бөлігіне байланыстырылуы тиіс.

  5. Барлық БАҚ-қа (Баспа БАҚ, интернет-ресурстар, теле – және радиоарналар) қаралы күні ойын-сауық материалдарын орналастырудан бас тарту ұсынылады. Радиоарналарда негізінен тыныш, отандық музыкалық туындыларды трансляциялау ұсынылады.

  6. “Жарнама туралы” Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес жарнама орналастырудың хабар тарату торынан барлық жарнамалар, әлеуметтік жарнамалар алынып тасталсын. Сондай-ақ, жарнамалық материалдарды баспа басылымдарында орналастырмау ұсынылады.

  7. Басылымдардың бірінші беттерінде қара-ақ гамманы қолдану, жарқын түстерден аулақ болу ұсынылады.

  8. Телерадиохабарларын тарату және интернет телевизиясы операторларына жалпыұлттық аза тұту кезеңінде ойын-сауық және жарнама мазмұнындағы шетелдік теле-,радиоарналарды трансляциялаудан және ретрансляциялаудан бас тарту ұсынылады.

  9. Барлық БАҚ-тарда мәйіттердің, қан мен т. б. бейнелерді қоса алғанда, арандатушы фотосуреттерді жариялаудан аулақ болу ұсынылады.

Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының телерадиохабарларын тарату операторларының, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың бірінші басшыларын осы ұсыныстарды басшылыққа алуды және Жалпыұлттық аза тұту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы шектеулерді сақтауға шақырады.

Share this Post