Балаларға қуаныш сыйлаймыз! Біз студенттерге жақсылық беру қажеттілігін тәрбиелейміз.

13.12.2022ж.»Педагогика»кафедрасының ұйымдастыруымен, №4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына студенттерімізбен бірге психологиялық ахуалдарын орнату және көңіл-күйлеріне деген ыстық ықыласпен концерттік бағдарламамен балаларға жол тартты.Мақсатымыз балаларға қуаныш,мейірімділік пен керемет көңіл күй сыйлап,олардың жүректеріне жарқын болашақтың үмітін сезіндіру болатын.Біздің студенттер балаларға деген сыйлықтарын дайындап,жақсы көңіл-күй сыйлай білді.Олармен қызықты психологиялық тренинг өткізіп,әртүрлі ойындар ойнап,би билеп өздерінің бар ықыластарын салды.Іс-шара концерттік бағдарламамен шектеліп қана қоймай,жас буынға мейірімділік, сыйластық, жақсылық туралы ой қозғап, Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен әр мен қарай бірлесе жұмыс жасауға көптеген жоспарлар жасалынды.


Share this Post