«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ, ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1-2 сәуір аралығында «Музыкалық білім беру»білім беру бағдарламасының «Музыканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өтті. Олимпиада екі номинация: «Музыканы оқыту әдістемесі» және «Музыкалық ағартушылық» бойынша жүргізілді.
Аталған олимпиадаға Орталық Азия инновациялық университетінің МОк 21-1h тобының білім алушысы Тураббаева Жамила, жетекшісі аға оқытушы Мурзабаева Манзура Абдыкадыровна және МОк 21-1h тобының білім алушысы Абдулла Айнәзік, жетекшісі аға оқытушы ҚР Мәдениет қайраткері Кайнарбаева Айгул Калмахановна да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
«Музыканы оқыту әдістемесі» номинациясына қатысушы – 3 курс білім алушысы Тураббаева Жамила Ирисваевна «Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы — Ахмет Жұбанов» атты тақырыпта сабақ өтті.
«Музыкалық ағарту» номинациясына қатысушы — 3 курс білім алушысы Абдулла Айнәзік «Музыка – менің жан дүнием» атты тақырыпта презентация қорғады.
Нәтижесінде XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадада Тураббаева Жамила (жетекшісі: аға оқытушы Мурзабаева М.А.) жүлделі ІІІ- орынға ие болды.
Ал, студентіміз Абдулла Айнәзік (жетекшісі: ҚР мәдениет қайраткері Кайнарбаева А.К.) — «Музыка мұғалімінің педагогикалық артистизмі» атты номинацияға лайықты деп танылып дипломмен марапатталды.