22-23 қарашада Орталық Азия инновациялық университетінде «Жоғары білімнің Орталық Азия кеңістігі: ынтымақтастық міндеттері мен болашағы» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Іс-шара Орталық Азия университетінің жас ғалымдарының, студенттері мен магистранттарының, Түркия, Қырғызстан сияқты т.б. алыс және жақын шет елдердің жас ғалымдарының қатысуымен өтті. Конференцияның негізгі бағыттары Орталық Азия өңіріндегі қазіргі заманғы жоғары білім берудің өзекті мәселелері мен үрдістері, оларды шешу жолдары, білім беру мен ғылымның перспективалы бағыттарын талқылаумен қатар, жақын және алыс шетел университеттерімен ынтымақтастықты нығайту болатын.
Конференцияны университет ректоры, профессор А.С. Ажидинов ашты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде оқу – әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Н. Ж. Дүйсенов, Б. Осмонов атындағы Жалалабад мемлекеттік университетінің профессоры, А. Б. Карбекова (Қырғызстан) және оқу орнымыздың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ж. С. Қазанбаева құттықтау сөз сөйлеп, конференция қатысушыларына алдағы болатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Пленарлық отырыста оқу орнымыздың студенттері мен магистранттары және Түркия мен Қырғызстаннан келген қатысушылар мазмұнды және қызықты баяндамалар жасады. Конференция бағдарламасы келесі бағыттар бойынша 8 секцияны қамтыды: «Педагогика»; «Тілдер мен әдебиет»; «Қаржы, есеп және аудит, туризм»; «АӘД және дене шынықтыру»; «Техника және ақпараттық технологиялар», «Құқық», «Қазақстан тарихы және жаратылыстану», » Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн». Конференцияға қатысушылар саны жалпы 200-ден астам адамды құрады, олардың арасында тек жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттары ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушылары да белсенді қатысып, студенттер мен жастардың ғылымға деген қызығушылығының артып келе жатқандығын көрсетті. Айта кетейік, секция мәжілістері интерактивті режимде өтіп, заманауи білім беру, студенттік ғылым сапасының өзекті мәселелерінің практикалық шешімдерін әзірлеу, практикалық шешімдерді талдау және әзірлеу бойынша пікірталас алаңына айналды.
Конференция аясында дәстүрлі түрде пленарлық отырыстың үздік ғылыми баяндамасына конкурс өткізілді. Б. Осмонов атындағы Жалалабад мемлекеттік университетінің студенті Қадыров Ниязбектің «Жалал-Абад облысындағы шағын және орта бизнесті талдау» тақырыбындағы баяндамасы, Орталық Азия университетінің студенттері Умарова Ю, Рехенберг А. «Жастарды жұмысқа орналастыру: табысты мансап үшін проблемалар мен перспективаларды талдау», Орбас Асхаттың «Өткізуді азаматтық-құқықтық реттеу» тақырыбындағы баяндамалары ерекше атап өтілді. Университет ректоры А. С. Ажидинов конференцияның секциялық отырыстарына қатысушылардың үздік баяндамаларын 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапаттады.
«Жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігі: ынтымақтастық міндеттері мен болашағы» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын университеттің жас ғалымдарының күшімен ұйымдастырылғандығын атап өткен жөн. Өйткені жастарға білім берудің негізгі мақсаттарының бірі ғылыми іс-шараларды басқару және ұйымдастыру дағдыларын дамыту болып табылады.