ОАИУ ОЖ жөніндегі Проректор

Дуйсенов Нурзак Жезтаевич

1978 жылы 27 қарашада бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Шалдар совхозында дүниеге келген.

1986 жылы Оңтүстік қазақстан облысы Алғабас ауданы Екпінді ауылының орта мектебіне оқуға түсіп, 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір ауылының «темір» орта мектебін үздік бітірген.

1996 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетіне «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, «Программист-математик»біліктілігін алды.

2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасына «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2002 жылы математика магистрі дәрежесін алған.

2000 жылдың 25 тамызынан 2009 жылдың тамызына дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент м. а. болып жұмыс істеді. 2001 жылдан 2007 жылға дейін «Ақпараттық технологиялар және энергетика»факультеті деканының орынбасары болып жұмыс істеді.

2009 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың ақпан айына дейін Мирас университетінің «информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасын басқарды.

2012 жылдан 2018 жылға дейін Мирас университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2019 жылдың тамыз айынан 2020 жылдың ақпан айына дейін Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің «Техника және ақпараттандыру» кафедрасын басқарды.

2020 жылдың наурыз айынан бастап Орталық азия инновациялық университетінде оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қызметін атқарады.

Үйленген, үш баласы бар.