Педагогика кафедрасы

Кафедра меңгерушісі     

Жұмағұлова Гүлнар Шыңғысқызы

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі– психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., ҚР білім беру Құрметті қызметкері. 2019 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Кафедра миссиясы – кең іргелі білімі бар, бастамашыл, заман талабына бейімделіп отыратын мамандарды даярлау. «Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Тарих» білім беру бағдарламасында кәсіби дағдыларды сапалы меңгертуді қамтамасыз ету.

Кафедра тарихы

01.09.1996 жылы кафедра «Гуманитарлық пәндер» кафедрасы болып құрылған.
1996-1997 ж.ж. кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Великотская Л. А.
1998-1999 ж. ж. филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есенгалиева А. Г.
01.01.1999- 01.11. 1999 ж.ж. тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аликулов Е.А.;
1999-2002 ж. ж. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сапарова Ю. А.;
2003 -2004ж. ж. педагогика ғылымдарының кандидаты Арзымбетова Ш. Ж.;
2004 — 2005 ж. ж. тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Т. А.;
2005-2006 ж. ж. философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абдрасилова Г. З.
2006-2008 ж. ж. филология ғылымдарының кандидаты, доцент Молдахмет Қ.М.;
2008-2009 ж. ж. педагогика ғылымдарының кандидаты Мұнашова Ж. Б.;
2009-2012 ж. ж. педагогика ғылымдарының кандидаты Арзымбетова Ш. Ж.
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны психология ғылымдарының кандидаты, доценттің м.а. Жұмағұлова Г. Ш. басқарады.
2021 ж. «Гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы болып өзгертілді. Академик М. Сапарбаев атындағы Институті пен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті бірігіп, қайта құру нәтижесінде «Орталық Азия Инновациялық Университеті» болып құрылды.
Кафедра мүшелері ҚР педагогикалық білімі мен ғылымын дамытудағы еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Ы.Алтынсарин төсбелгісімен үш оқытушы, «Білім беру үздігі» төсбелгісімен алты оқытушы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен кафедраның төрт оқытушысы марапатталды.
Кафедраның кадрлық әлеуетінің оң динамикасының дәлелі – кафедраның 2 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болса, 2 оқытушы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академиктері болып табылады.
Бүгінгі таңда кафедрада мүшелері п.ғ.д.Сихымбаев И.Б., ф.ғ.к. Нурахов Е.К., п.ғ.к.Мамбеталиев Т.М., п.ғ.к. Садирмекова Ж.Б. еңбек етіп, баға жетпес тәжірибелерімен бөлісуде. Кафедраның ғылыми өсуі кадрлық құрамды жетілдіруде, кафедраның көпжақты әдістемелік қызметінде байқалады.
Кафедраның көп аспектілі қызметі оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары бағытында жүзеге асырылады. Кафедрада кеңейтілген ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс істейді. Семинарда өз жұмысы барысында отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу ізденістерінің нәтижелері, баяндамалары ұсынылды.
Кафедра ТМД және алыс шетелдердің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты жүзеге асырады, кафедра мүшелерінің көпшілігі халықаралық конференцияларға, халықаралық жобаларға белсенді қатысады. ҒЗЖ нәтижелері оқу процесінде пайдаланылады — дәрістік және зертханалық–практикалық сабақтардың мазмұнында қамтылады. Кафедра әртүрлі әлеуметтік-тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Кафедра білім алушылары жыл сайынғы студенттік конференцияларға белсенді қатысады, университетттік және республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болуда.

Кафедра келесі бағыттар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:

Педагогика кафедрасында сұранысқа ие келесі білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілді:
Бакалавриат бағыттары (1 деңгей)
-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (6В01301)
-Педагогика және психология (6В01101)
— Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (6В01201).
-Тарих (6В01601)

Магистратура бағыттары (2 деңгей):
— Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (7В01301)

6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Оқыту-4жыл
Жіктелуі: 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры.
Мамандықтың миссиясы – жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, педагогикалық процесті жобалау мен ұйымдастыруда кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, бастауыш деңгейдегі жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау; субъективті қызметті ұйымдастыруда, жалпы мәдениетті қалыптастыру процесін басқару және бастауыш мектеп оқушыларының тұлғасын дамыту;
6В01301 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлектері орта білім беру мектептерінде, гимназияларда, лицейлер мен колледждерде және т. б. жұмыс жасай алады.

6В01101– «Педагогика және психология»
Оқыту-4жыл
Жіктелуі: 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры.
Мамандықтың миссиясы – ғылыми-педагогикалық зерттеуді, психологиялық-педагогикалық диагностиканы ұйымдастырудың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; педагогика мен психологияны оқыту әдістемесі туралы түсініктерді қалыптастыру. Педагогика және психология саласында кәсіби дағдыларды сапалы меңгеру үшін білікті мамандарды даярлау;
6В01101 – «Педагогика және психология» мамандығының түлектері балабақшада, мектепте, колледжде және т. б. жұмыс істей алады.

6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Оқыту-4жыл
Жіктелуі: 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры.
Мамандықтың миссиясы – мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие-білім беру қызметінің дағдыларын меңгерген жаңа формациядағы мамандарды даярлау, мектепке дейінгі педагогика саласында негізгі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының түлектері мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші және білім беруді басқару департаментінің жетекші мамандары болып жұмыс істей алады.

6В01601-«Тарих»
Оқыту -4 жыл
Жіктелуі: 6В01601-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша бағдарламасы.
Мамандықтың миссиясы-Еңбек нарығының жаңа талаптарына сәйкес өмір бойы білім алатын, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті,кәсіби қызмет үшін қажетті құзыреттерге ие,тарихтың біілм беру бағдарламасы бойынша білікті креативті, және фунуционалдық сауатты мұғалімдерді дайындау.

6В01101 Педагогика және психология —https://drive.google.com/file/d/1fsgGFbbP1DF9CyERgo-6PiBTd0vl-ff6/view?usp=sharing

6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу —https://drive.google.com/file/d/19zcyQKskrzzyuzQvGEzMudWVLi2Q0mkj/view?usp=sharing

6В01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 

https://drive.google.com/drive/folders/10PuYhTWzRvHnCqh2mMiiypeXnUBCGhs4?usp=sharing

6В01601 Тарих
https://drive.google.com/file/d/1o6557YcwIZyMv-JL19JSQJ2F9YGaUn_S/view?usp=sharing

6В01508 География-Тарих
https://drive.google.com/file/d/154iL7zRe9YDSpRpSHrAVZIQFHBwZNBgD/view?usp=sharing

7М01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі —https://drive.google.com/file/d/1HSUIwGfkFTYgfqhZe1yiIzjbY6K8Fg-V/view?usp=sharing

2024–2025 оқу жылына  «Педагогика» кафедрасының профессорлық — оқытушылар құрамының

Аты-жөні

Қызметі

Ғылыми дәрежесі және атағы

1

Сихымбай  И.Б.

профессор

п.ғ.д.

2

Джумагулова Г.Ш.

кафедра меңгерушісі

пс.ғ.к.

3

Мамбеталиев Т.М.

қауымдастырылған профессор (доцент)

п.ғ.к.

4

Садирмекова Ж.Б.

қауымдастырылған профессор (доцент)

п.ғ.к.

5

Абашева П.А

аға оқытушы

п.ғ.к.

6

Кудайбергенова  М.Б.

аға оқытушы

п.ғ.к.

7

Избасханова А.А.

аға оқытушы

п.ғ.к.

8

Матаева С.Р.

аға оқытушы

п.ғ.к.

9

Мунашова Ж.Б.

аға оқытушы

п.ғ.к.

10

Коваленко И.В.

аға оқытушы

п.ғ.к.

11

Тлеубаев С.Ш

аға оқытушы

филос.ғ.д.

12

Тастанов Е.А.

аға оқытушы

б.ғ.к

13

Шалхарбекова Н.А.

аға оқытушы

Доктор PhD

14

Такибаев М.А.

аға оқытушы

филос.ғ.к

15

Тотикова Г.А.

аға оқытушы

Доктор PhD

16

Абдухаимов Е.Ф.

қауымдастырылған профессор (доцент)

т.ғ.к

17

Салмырза Ж.І

аға оқытушы

т.ғ.к

18

Тусеев М.У.

аға оқытушы

Доктор PhD

19

Корнилко И.А.

аға оқытушы

п.ғ.к

20

Тәңкіш Н.П.

аға оқытушы

Доктор PhD

21

Бейсекова Р.Т.

аға оқытушы

маман

22

Есимова  А.Э.

аға оқытушы

маман

23

Жолдасбек А.С.

аға оқытушы

магистр

24

Турсынбаева А.З.

аға оқытушы

магистр

25

Бектурсынова Д.Т.

аға оқытушы

магистр

26

Ускенбаева А.С.

аға оқытушы

магистр

27

Султанова У.С.

аға оқытушы

магистр

28

Мусаханова Г.М.

оқытушы

магистр

29

Байдибекова А.У.

оқытушы

магистр

30

Таңсықбаева И.Қ.

оқытушы

магистр

31

Султанова Н.Ж.

оқытушы

магистр

32

Кастаев С.К.

оқытушы

магистр

33

Ізімбетова З.Т.

оқытушы

магистр

34

Богатова Л.А.

оқытушы

магистр

35

Какарова Т.Е.

оқытушы

магистр

36

Тумабаева Ж.С.

оқытушы

магистр

37

Төле Ж.

оқытушы

магистр

38

Ұлаш М.Т.

оқытушы

магистр

39

Баймбетова М.А.

оқытушы

магистр

40

Иманова К.А.

оқытушы

магистр

41

Дуйсебаев М.Т.

оқытушы

магистр

42

Балтабаев Н.К.

оқытушы

магистр

43

Қадірбай М.Б.

оқытушы

магистр

44

Имашева А.С.

оқытушы

магистр

45

Бисенова А.М.

оқытушы

магистр

46

Ысқақ Б.

профессор

доцент

47

Еримбетова А.Т.

аға оқытушы

п.ғ.к.

48

Джузбаева Г.С 

аға оқытушы

п.ғ.к.

49

Сыдыкова З.Е.

аға оқытушы

п.ғ.к.

50

Ахмет Л.С

аға оқытушы

п.ғ.к.

51

Күнпейіс Ж.Қ

аға оқытушы

п.ғ.к.

52

Майлыбаева Л.С

аға оқытушы

п.ғ.к.

53

Өтеген Қ.О.

аға оқытушы

п.ғ.к.

54

Длимбетова Б.С

аға оқытушы

п.ғ.к.

55

Исмаилова К.А.

аға оқытушы

п.ғ.к.

56

Сихынбаева Ж. С.

аға оқытушы

п.ғ.к.

57

Усембаева Р.Б.

аға оқытушы

п.ғ.к.

58

Төребай Н.Д.

аға оқытушы

п.ғ.к.

59

Оспанханова С.Е.

аға оқытушы

магистр

60

Жантасова Ж.Н.

аға оқытушы

магистр

61

Дарибаева М.Д.

аға оқытушы

магистр

62

Кошкарова М.Г.

аға оқытушы

магистр

63

Нурмахамбетова А.А.

оқытушы

магистр

64

Нишанова Қ.С.

оқытушы

магистр

65

Аманжолова Ж.

оқытушы

магистр

66

Балгинбекова К. Б.

аға оқытушы

 

67

Арыстанова К.О

аға оқытушы

а.ш.ғ.к.

68

Утепбергенова К.Ж

аға оқытушы

т.ғ.к.

69

Байназарова Б.А.

аға оқытушы

т.ғ.к.

70

Абдраимов Е.А.

аға оқытушы

с.ғ.к.

71

Орынбаев М.О.

аға оқытушы

ф.ғ.к.

72

Дүйсекова А.Т

аға оқытушы

т.ғ.к.

73

Сабденова  А.С.

аға оқытушы

магистр

74

Токжигитова М.А.

аға оқытушы

магистр

75

Көлбай А.Р

оқытушы

магистр

76

Әсен З.Ш.

оқытушы

магистр

77

Султанова У.Д.

оқытушы

магистр

Өндірістен шақырылған мамандар:

Аты-жөні

Қызметі

Ғылыми дәрежесі және атағы

 Негізгі қызметі

1

Албаева Г.А.

оқытушы

маман

№ 49 «Жасұлан» балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы

3

Есмуратова Ұ.А.

оқытушы

магистр

№1 мектеп-интернатының дефектологы

4

Бекжанова Р.Б.

оқытушы

маман

№ 24 it мектеп—лицей С. Ерубаева. атындағы меңгерушісі.  Бастауыш сынып мұғалімі

5

Тулкибаева Д.

оқытушы

магистр

«Диана» балабақшасы

6

Джумагулова Д.Х.

оқытушы

магистр

№ 52 ЖОМ Педагог—психологы. 

8

Шораева Ұ.

оқытушы

магистр

Бастауыш сынып мұғалімі, Шаңырақ бастауыш мектебі

11

Ерсұлтан А. А.

оқытушы

магистр

№ 61″Нұртас»мемлекеттік балабақшасының тәрбиешісі

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША «IFES-UEBF 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ.

Туркия Республикасы, Кипр қаласында 03-07 қараша 2024ж.аралығында Final университетінің ұйымдастыруымен БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША «IFES-UEBF 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ өтті. Форумға Орталық Азия инновациялық университетінің «Педагогика»кафедрасының аға оқытушысы Турсынбаева Айнур Закировна қатысып, қазіргі заманауи әдіс-тәсілдермен білімін жетілдіріп,сертификатпен оралды.
Халықаралық форумды өткізу уақыттың өзекті мәселелерін талқылауға және Орталық Азия мен Еуропа университеттеріндегі білім сапасын арттыру жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді; білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға; мамандарды даярлау деңгейін, түлектердің сұранысы мен жұмысқа орналасуын арттыруға; академиялық ұтқырлықты, білім беруді интернационалдандыруды кеңейтуге және «ЖОО – жұмыс беруші-стейкхолдерлердің» барлық мүдделер теңгерімі қағидаттарында өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Форум нәтижесі-тиімді білім беру жүйесін құру бойынша озық тәжірибе алмасуға, нәтижелерді қорытындылауға және дамытуға мүмкіндік берді. Шара жоғары деңгейде өтіп,қатысушы қонақтарға алғыс айтылып,халықаралық сертификаттар ұсынылды.

18.04.2024ж.
«Педагогика» кафедрасы

«ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДАҒЫ ТӘУЕЛДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ТӘУЕКЕЛ ФАКТОРЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми әдістемелік семинар өткізді.

«Педагогика» кафедрасының «Ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтендіру мен бейімделген дене шынықтыруды (БДШ) қолданудың психологиялық педагогикалық негіздерінің ғылыми аспектілері» атты мемлекеттік бюджеттік ғылыми тақырып аясында өткізілді.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына Периева С. К., т. ғ. к. профессор-Анкара университеті (Түркия Республикасы),Әлтекова Ә. Ғ., N4″Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің » меңгерушісі, білім басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қ, Қуандықова Ж. А.- Т. Рысқұлов атындағы N25 мектеп гимназиясының педагог – психологы, Шымкент қ, Новак Н. Г. п. ғ. д. доцент — Франциско Скорин атындағы Гомель мемлекеттік университеті, Беларусь Республикасы, Найманбаев М. Ж. п. ғ. к., «Педагогика, психология және оқыту технологиясы» кафедрасының доценті, Б. Осмонов атындағы ЖАМУ Қырғыз Республикасы, Айберова Г. Қ. — «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы «ФАО» кәсіби даму институты » Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша,Королева А. В.-п.ғ.к., Г. Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің «Педагогика және білім беру технологиялары» кафедрасының доценті, Ресей Федерациясы, Илюхин А. Г.-псих. ғыл, канд, Г. Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік және жас психологиясы» кафедрасының доценті, Ресей Федерациясы, Титова М. Ю.-Г. Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті,ТПКБ медициналық психологы, Шишкараева А. Қ.-Б. Осмонов атындағы ЖАМУ, аға оқытушысы, Қырғыз Республикасы.Ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Ж. С. Қазанбаева, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі Г. Ш. Жұмағұлова семинарға қатысушыларға алғыс хаттар мен грамоталарды салтанатты түрде тапсырды.

«Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ерекше қажеттілігі бар балалар арасында буллингтің алдын алудың педагогикалық-жолдары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Халықаралық семинарда Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО, атап айтсақ, Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің және Ресей Федерациясы, Тамбов мемлекеттік университетінің, Белорус Республикасы Гомель қаласының Франциска Скорина атындағы университеті, Қырғыстан Республикасы Б.Османов атындағы Жалал-Абад мемлекеттік университеті, Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтінің ғалымдары мен педагог-оқытушылары қатысты.Сонымен қатар қаламыздың арнайы мектептерінің психолог-мамандары, Туркестан облысының «Өрлеу» білітілікті арттыру орталығының мамандары халықаралық семинар жұмысына белсенділік танытты.


Авторлық құқық

                                                                                               Абдухаимов Е. медаль


Қарашаның 13-14 жұлдызы аралығында  2021 жылы Түркияның Анталья қаласында «Анкара» мемлекеттік университеті (Анкара қ., Түркия), CAG университеті (Адана қ., Мерсин провинциясы, Түркия) және ASTANA PUBLICATIONS халықаралық баспасы ұйымдастырған «Әлеуметтік ғылымдар және халықаралық құқық» атты Халықаралық Симпозиум өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруымен  симпозиум жұмысына «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының мүшелері пс.ғ. к. Джумагулова, п.ғ.к. Мунашова Ж. Б., аға оқытушы Есимова А. Е. белсенді қатысты. Симпозиум әлеуметтік ғылымдар мен құқық саласындағы түрлі мәселелерді қамтыды. Симпозиум жұмысына Әзірбайжан, Иран, БАӘ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және т.б.  түрлі мемлекеттердің ғалымдары  қатысты.Симпозиумда түрлі офлайн-онлайн презентациялар, бейне фильмдер және т.б.материалдар ұсынылды. Пс.ғ.к.Г.Ш.Джұмағұлова «Психологиядағы заманауи инновациялық үрдістері» тақырыбында қызықты және мазмұнды баяндама жасады. Баяндама қатысушылардың білім берудегі инновациялық әдістерге, үлкен ықыласын туындатып, көптеген сұрақтар қойылып, дискуссия орын алды А. Е. Есимова мен Ж. Б. Мұнашованың «Мәңгілік ел» — түркітілдес халықтарының рухани құндылығы», бұл мақала  симпозиум қатысушылары үлкен зейінмен тыңдап, қызығушылық  танытты.Симпозиум қатысушылары  білім берудің және жалпы қазіргі әлемнің жаһандық ең өткір және өзекті мәселелері бойынша тұрақты пікір алмасу және диалогтар мен дискуссиялар көп орын алынғаны байқалды.Г.Ш.Джумагулова, А.Е.Есимова, Ж.Б.Мунашова баяндамалары сертификаттармен марапатталды.Аталған оқытушылар 72 сағат көлемінде Халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.Бұл сертификаттармен расталады. Симпозиумда баяндамалар ағылшын, араб, түрік, орыс, қазақ, өзбек тілдерінде ұсынылды.Халықаралық танымал  Astana PUBLICATIONS баспасы Симпозиум Еңбектері жинағында жариялайды. Сонымен қатар конференцияның мақалалары мен баяндамаларын ASEAD және Public Law Archive журналдарында жариялау жоспарлануда.

Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен » Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі» тақырыбында 3 күндік әдістемелік семинар жоспарлануда.
07.11.24 ж мерзімінде жоспарланған «Инклюзивті білім берудің маңызы» тақырыбында 1 ші күннің семинары өтілді. Модератор магистр оқытушы Есмуратова Ұ.А., Шымкент қаласы «№4 психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен
педагог-психолог маманы Дилдабекова Ақерке Жаңабекқызы, сурдопедагог маманы Әлсейіт Әйгерім Мамырқызы құнды ақпараттармен өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар сабақтың мақсаты Инклюзивті білім берудің маңыздылығын көрсету және студенттерді ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге даярлау болып табылады.
Бірлесіп жұмыс істей отырып, инклюзивті орта құруға бағытталған қадамдарымыз маңызды болар.

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Түркітанушы Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың 100 жылдығына арналған «Жаhандану жағдайындағы түркі жастарының интеграциясы» атты дөңгелек үстел барысы✅

Орталық Азия инновациялық университетінде «Педагогика»,және «Бастапқы әскери дайындық және де Дене шынықтыру» кафедрасының ұйымдастыруымен 16.05.2024ж.күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған 10-нан астам жұмыс беруші мен 100-ге жуық болашақ маман иелері қатысты. Жұмыс ұсынуші тараптан бірнеше ұсыныс айтылды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, шара, жұмыс берушілерге білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді, ал жас мамандар өздері қалаған жұмысқа орналаса алады.

Мамандықтар жәрмеңкесі – бұл жастар үшін өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындары нарығын зерттеуге және бір жерде бірнеше жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, тілдесулеріне тамаша мүмкіндік. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жастар мен түлектер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Білім алушылар мен түлектер үшін мұндай шараның маңызы зор. Жәрмеңкеде таңдау мүмкіндігі мол. Жұмыс берушімен көзбе-көз кездесіп, олардың ұсыныстарымен, шарт-талаптарымен етене танысу мүмкіндігіне ие болып,жас мамандардың мамандыққа деген сүйіспеншіліктеріне қызығушылық танытты.

Халқымызға белгілі «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы»атты кітаптың авторы,елімізде этно-педагогиканы білім жүйесіне енгізген ғалым-Қалыбекова Асма Ахмедқызы.
Ғұмырын болашақ оқытушыларды даярлауда ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге арнаған ұстаз жастармен кездесті.Осыған орай Сайрам аудандық,«Ардақты ана» музейінде өткен басқосуда ғалымның еңбектері көпшілік ұсынылды.
Этно-педагогиканы қалыптастыруда 53 жыл бойы аянбай тер төккен ұстаз аталған әдістің білім жүйесінде кеңінен қолданылып,Қазақ халқының тілге бай,салтқа берік,парасатты,өрескел халық екенін тілге тиек етті.

Педагогика кафедрасының белгілі оқытушылары мен білім алушыларының қатысуымен өтілген әдеби-мәдени іс- шара.📕

10 қараша 2023ж.Сайрам ауданы,Ақсукент ауылы,»Ардақты ана» музейі

Магистранттармен кездесу:

«Педагогика»кафедрасының білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушы топтарының кезекті педагогикалық практикасынан өту тәжірибесі .
🔰Студенттердің іс-тәжірибеден өту практикасы болашақ маманды дайындаудың өте маңызды кезеңі, өйткені оның процесінде студенттер болашақ кәсіби қызметтің қажетті іскерліктері мен дағдыларын алады. Ол қалай ұйымдастырылатынына және оған студенттердің өздері қаншалықты жауапкершілікпен қарайды, көбінесе практиканың нәтижелілігі, яғни олардың мұғалім мамандығына дайындығы байланысты.

5 наурыз күні «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының ПМНО 20-1 тобының ұйымдастыруымен «Қыз –еркем,қылығымен көркем!» атты меркелік ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесінің тарихымен таныстыра отырып, қыздардың бойында икемділік, сымбаттылық, инабаттылық, ақылдылық, ізеттілік қасиеттерін дамыта отырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

11.03.2021ж. Гуманитарлық пәндер кафедрасы“Ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім берудің педагогикалық-психологиялық мәселелерінің шешу жолдары” атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырып өткізді.

7 сәуір 2021 жылы «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Ұлттың ұлы ұстазы және заманауи білім» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты:Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының өнер-біліміне қосқан педагогикалық шығармашылығын насихаттай отырып,әңгімелері арқылы студенттерді имандылыққа, адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

14.04.2021ж.  күні Ы.Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына байланысты «Кел балалар оқылық» тақырыбында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері арасында пәндік олимпиада өткізілді. Бұл олимпиаданың мақсаты: Қазіргі заманауи бастауыш сынып мұғалімдерінің бейнесін көру арқылы педагогикалық шеберліктерін байқау болатын. Біздің болашақ мамандарымыз өздерінің әмбебап екендерін көрсете білді.

Сәуір айының 22-сі күні  «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Ускенбаева А.С. «Адалдық адамдықтың белгісі» тақырыбында ПМНОк 20-2 тобының стуленттерімен тәрбие сағатын ткізді.Тақырыбы: «Адалдық адамдықтың белгісі». Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге адалдық, шындық туралы түсінік беру, бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін — бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

https://youtu.be/XhAD6gFDoqE — «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы ПМНОк 20-1 тобының студенттері Төле би ауданындағы, Бірінші мамыр ауылында орналасқан балалар уйіне барып, «Жетім көрсен-жебей жүр» тақырыбында қайырымдылық қорын жасап қайтты. Студенттердің бұндай қайырымдылығы үшін «Жалпы педагогика және психология» кафедра ұжымы алғыс білдірді.

28.05.2021 күні Республикалық көлемде өтілген стартапқа ПМНО 19-1 тобының білім алушысы Теміржан Назерке Бауыржанқызы «Brend Nazerke» тақырыбындағы жобамен қатысып, 1-ші орынды иеленді. «Brend Nazerke» жобасының мақсаты — ұлттық нақышта халықтың қолы жетімді бағада қазақи үлгідегі көрпе, құрақ көрпелер, сапалы киімдер дайындау. Осы негізде қазақ халқының ою өрнегін дәріптеу.

2021 жыл 1- қыркуйекте «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының 1,2,3,4 курс білім алушылыры топ тәлімгерлерімен «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты ҚР Президентінің Жолдауын тәрбие сағатында талқылады. Жолдауда айтылған пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді эко жүйе қалыптастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау, ұлттың ұйысуы-одан әрі дамудың басты факторы туралы сөз қозғалып, білім алушылыр Жолдаумен толық танысып, оның орындалуына мемлекет азаматы ретінде жауапкершілігін сезініп, бір ауыздан қолдайтынын білдірді.

Қыркүйектің 29-ы күні сағат 11.00-де «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Діннің қоғамдағы функциялары» тақырыбында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы білім алушыларының қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласы, Дін істері басқармасы зерттеу орталығының қызметкері Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы қатысып, білім алушыларға қоғамдағы діннің маңызы мен алатын орны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қоғамдағы діни ағымдар жөніндегі мәселелерге тоқталып өтті

Қарашаның 13-14 жұлдызы аралығында 2021 жылы Түркияның Анталья қаласында «Анкара» мемлекеттік университеті (Анкара қ., Түркия), CAG университеті (Адана қ.,Мерсин провинциясы, Түркия) және ASTANA PUBLICATIONS халықаралық баспасы ұйымдастырған «Әлеуметтік ғылымдар және халықаралық құқық» атты Халықаралық Симпозиум өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруымен симпозиум жұмысына «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының мүшелері пс.ғ. к. Джумагулова, п.ғ.к. Мунашова Ж. Б., аға оқытушы Есимова А. Е. белсенді қатысты.

Қараша айының 24 күні «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде» өткізілген «Тәуелсіз Қазақстанның даму белестері» тақырыбында өткізілген студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының білім алушысы Жумангалиева Арай «Шетелдегі қандастар» тақырыбында және «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының білім алушысы Шағайдулла Айгерім «Ашаршылық — азалы жылдардың атасы» тақырыбында баяндама дайындап, белсене қатысты. Конференция барысында өздерінің зейінділігімен, білімділігімен ерекшеленіп Жұмангалиева Арай 2-орынды иеленіп Дипломмен марапатталды және Шағайдулла Айгерім 3-орынды иеленіп Дипломмен марапатталды.

2021 жылы 29 қараша күні Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы тұлғасы-Елбасы» тақырыбында кітапханада іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты :Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі — өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. Білім алушылар Елбасының еңбектерінен кітап көрмесін тамашалап,еңбектерімен танысты.Сондай –ақ,өлеңдер оқылды,көрініс көрсетіліп,күй тартылып,ән де шырқалды.

Орталық Азия Инновациялық Университеті Академик Мардан Сапарбаев институты Шымкент қаласы спорт басқармасымен бірігіп 2021 жылдың 1 желтоқсанда «Тұңғыш президент күні» және «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай Шымкент қаласындағы Дендросаябағында ұйымдастырылған веломарафонға кафедра оқытушылары мен білім алушылары қатысып, белсенділік танытты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай желтоқсанның 3 күні «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі» білім беру бағдарламасының білім алушыларының белсене қатысуымен «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді. Іс шараның мақсаты: «Қазақстан Республикасының егемендікке, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында ел

басынан өткізген қиын қыстау кезеңдері мен ата бабаларымыздың тәуелсіздік үшін аянбай жасаған ерліктерін» баяндау, насихаттау. Іс шара барысында білім алушылар өз өнерлерін көрсетті және тарихи виктариналық сұрақтарға жауап берді. 1986 жылғы «Ызғарлы Желтоқсанның» құрбаны болған Сәбира Мұхамеджановаға байланысты қойылым қойылды.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Рустемова Айгуль Мақсатбекқызы 03.12.2021ж 15:00де Орталық Азия Инновациялық университетінің білім алушыларымен Отбасы-мемлекет құндылығы,қоғам бірлігі екенін ескере отырып,отбасын сақтау және кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау мақсатында «Отбасы қоғамының тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл.Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай факультет тарапынан білім алушылардың Отанына деген патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының студенттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сонымен қатар әлем таныған көркем жерлерін, ЭКСПО-2017 инфротуристік құрылымын көркемдеп, өз қолдарымен жасаған макеттерін, бұйымдарын ұсынды.

“Психология күні” мерекесіне орай “Жалпы педагогика және психология” кафедрасы ППк18-1 тобының білім алушылары ізгі тілектерімен керемет көңіл күй сыйлап, оқытушылар мен білім алушыларды күтіп алды.“Психология күні” мерекесіне оқытушылар мен “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 4, 2 курс білім алушылары психологиялық ойындар мен тренингтер өткізді.

https://caiu.edu.kz/%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d1%8c-%d0%bf%d1%81%d0%b8%d1%85%d0%be%d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%b0/

“Жалпы педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы А.С.Ускенбаева өз кезегінде ППк19-1 тобымен “Психология – ғажайып ғылым” атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында кең ауқымды Психология ғылымы туралы сөз қозғалып, білім алушылар мен оқытушыларға мотивациялық тренингтер мен ойындар жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/CX_IkFmonhD/ — «Жалпы педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы Д.Т.Бектурсунованың ұйымдастыруымен ППк20-1, ПМНО20-1 топ білім алушылары Академик Мардан Сапарбаев институтының барша білім алушылары мен оқытушыларын келе жатқан “Жаңа 2022 жыл” мерекесімен құттықтап, керемет концерт өткізді. Ән айтылып, би билеп, әр елді саяхаттап жүрген Аяз ата мен Барысты институтымызға шақырып келіп, Жаңа жыл мерекесін ашып берді.

Қазіргі уақытта кафедраның ПОҚ «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мәнмәтінінде білікті педагог кадрларды даярлау»  ғылыми бағыты бойынша жұмыс істейді.Ғылыми-әдістемелік базаны жетілдіруде, білім беру бағдарламаларын және оларды жетілдіруде белсенді атсалысып,  қатысады.

Орталық Азия Инновациялық университеті академик Мардан Сапарбаев Институты «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 25.01.2022 ж. халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАГУ) Қырғыз республикасы, «Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасымен бірігіп онлайн-конференция өткізді. Онда оқу ісі жөніндегі проректор т.ғ.к. доцент Игнашова Л.В. және «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі пс.ғ.к. Жұмағұлова Г.Ш. сөз алды. Негізгі баяндамашы п.ғ.к. Мунашова Ж.Б. «Педагогикалық шеберлік негізі» тақырыбы бойынша мастер класс өткізді. Мастер-класс үлкен ықыласпен қабылданды, осы мәселе бойынша көптеген қызықты сұрақтар туындады. Қорыта айтқанда, онлайн конференцияға қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.

Қазақстандағы білімді дамыту үшін дуалды оқыту – кәсіби білім берудің практикалық және теориялық компоненттері біріктірілген маман даярлаудың жаңа түрі.
Шымкент каласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бастауыш оқытудың педагагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары «Дуальдық оқыту жүйесі» негізінде кәсіби біліктері мен дағдыларын шыңдау мақсатында, Дефектолог У.А.Есмуратованың жетекшілігімен есту кабілеті бұзылған балалардың оку процесіне қатысып, жұмыс жоспарларымен және есту аппараттарының кұрылыстарымен танысып, іскерліктерін дамытты.
Біздің мақсатымыз – жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан түлекті даярлау, яғни алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісіп, оны жоғары кәсіби деңгейде орындай алатын және педагогикалық білім беру жүйесінде әлемдік бəсекеге қабілетті мамандардың қалыптасуына үлес қосу.

Орталық Азия Инновациялық университеті академик Мардан Сапарбаев Институты «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 03.02.2022 ж. халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАГУ) Қырғыз республикасы, «Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасымен бірігіп онлайн-конференция өткізді. Онда оқу ісі жөніндегі проректоры т.ғ.к. Игнашова Л.В., ғылыми зертеу ісі бойынша проректоры э.ғ.к. доцент Казанбаева Ж.С. және «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры Сихымбаев И.Б. кафедра меңгерушісі пс.ғ.к. Жұмағұлова Г.Ш. сөз алды. Негізгі баяндамашы п.ғ.к. Коваленко И.В. «Технология традиционных и нетрадиционных учебных занятий в колледже, ВУЗе» тақырыбы бойынша мастер класс өткізді. Мастер-класс үлкен ықыласпен қабылданды, осы мәселе бойынша көптеген қызықты сұрақтар туындады. Қорыта айтқанда, онлайн конференцияға қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.

10.03.2022 ж. Орталық Азия Инновациялық университеті академик Мардан Сапарбаев Институты «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАГУ) Қырғыз республикасы, «Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасымен бірігіп онлайн-конференция өткізді. Негізгі баяндамашы Жалал-Абад мемлекеттік университетінің (ЖАГУ) докторы, п.ғ.к. доцент Р.С. Нусупова «Маалымат коммуникация технологияларын башталгыч билим берүүдө колдонуу (Бастауыш білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану)», оқытушы А.К.Шишкараева «Педагогикалық қақтығыс және оны шешу жолдары» тақырыптары бойынша мастер класс өткізді. Мастер-класста көптеген инновациялық технологиялар туралы сөз қозғалды. Мастер –класс үлкен ықыласпен қабылданды, осы мәселе бойынша көптеген қызықты сұрақтар талқыланды. Қорыта айтқанда, онлайн конференцияға қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.

Астана қаласында 2024 жылдың 4 қазанында өткен Халықаралық біліктілікті арттыру ұйымы Qazsaq Media Group республикалық «Цифрлық Қазақстан:жасанды интеллектінің болашағы және киберқауіпсіздік» атты форумда, Еуразиялық педагогтар ассоциациясының мүшесі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы, магистр
Турсынбаева Айнур Закировнаны жылдың “Үздік мұғалімі” марапатымен құттықтаймыз!💐

Кафедраның аға оқытушысы
«»Педагогика» Бейсенова Райхан Тузельбаева
«Тула Тарихи көктемі — 2024» халықаралық қатысуымен Жас ғалымдардың V бүкілресейлік ғылыми конференциясына қатысты.
Тарихи жады және коммуналдық тәжірибелер»

21-22 наурыз 2024 ж баяндамамен: «Қазақстанда жеке тұлғаның азаматтық бірегейлігін қалыптастырудағы Көпмәдениетті тәсіл».

“Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген “ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ” атты халықаралық байқауына қатысқан қос студентіміз Үздік деп танылып Астана қаласында өткен форумда марапатталды!

Халықаралық әлеуметтік симпозиум

Сертификат

ККO. KZ сайты өткізген «Қазақстан тарихы» тарихы пәндік олимпиадасына «Педагогика» кафедрасы 6В01601 «Тарих» білім беру бағдарламасының 1,2 курс білім алушылары қатысып, жүлделі орындар иеленді. Мұндай олимпиадалар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми-зерттеушілік ізденістерге жетелейді.

Барша жүзден жүйрек атанған білім алушыларды шын жүректен құттықтаймыз💐

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті диссертациялық кеңесі 2022жылғы 27 қазандағы (№ 2094-п бұйрық,04.11.2022ж.)шешімімен 6В010300-«Педагогика және психология»мамандығы немесе Білім беру бағдарламасы бойынша «Педагогика»кафедрасының оқытушысы Тусеев Мухамеджан Умирзаховичке,
Философия докторы (phD)дәрежесі берілді.
Диссертация тақырыбы:»Болашақ педагогтарды оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге даярлау».
Кафедра ұжымы- Философия докторы (phD) ғылыми дәрежесі дипломын алуымен шын жүректен құттықтайды.Сізге білім шыңдарындағы жетістіктер,ғылыми және кәсіби қызметіңізде сәттілік тілей отыра,шығармашылық табыс және үлкен мақсаттарға жетуге жігерлік пен табандылық тілейміз!

Біліктілікті арттыру туралы сертификаттар

Джумагулова Г
Такибаев М
Садыкова А
Ауелбекова М
Султанова Н
Ускенбаева А
Турсынбаева А
Турсынбаева А
Сихымбай И
Мунашова Ж

 

 

Грузия мемлекетінің,Батуми қаласында «Сана» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен «Амонашвилидің» тақырыбында өткен халықаралық семинарға қатысып, білімді жетілдіру мақсатында біліктіліктерін арттырып п.ғ.к.Коваленко И.В.,магистр оқытушы-Тұрсынбаева А.З.,магистр оқытушы-Бектұрсынова Д.Т.,өзара білімдерін шыңдай түсті.
***
Халықаралық семинарды психология ғылымдарының докторы, әлеуметтанушы, жазушы, халықаралық гуманистік педагогика орталығының президенті, гуманистік педагогиканың рыцары, «Басти Бубу» (Грузия, Тбилиси) мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі Паата Шалвович Амонашвили жүргізді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 21 ақпандағы №65 бұйрығы «Философия докторы (PhD) дәрежесінің» тағайындалуымен Тотикова Гүлдана Арынқызын құттықтаймыз!!!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бәсекеге қабілетті-маман бол! (@kafedra_pedagogika)

Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен және университет басшылығының қолдауымен 05.09.2024ж.күні сағат 11:20-да Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп,экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм»жолдауына байланысты іс-шара өткізілді.

Атап айтқанда,Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды.

Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды.

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынатыны жайлы сөзге тиек етілді.

# жолдау2024🇰🇿 

2021 жылдың 1 қазанында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1,2,3 курс студенттері мұғалімдер мерекесіне орай «Ұстаз-Мәңгілік нұрдың қызметі»атты мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар өлең оқып, ән айтып, би биледі.


https://youtu.be/XhAD6gFDoqE — «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы ПМНОк 20-1 тобының студенттері Төле би ауданындағы, Бірінші мамыр ауылында орналасқан балалар уйіне барып, «Жетім көрсен-жебей жүр» тақырыбында қайырымдылық қорын жасап қайтты. Студенттердің бұндай қайырымдылығы үшін «Жалпы педагогика және психология» кафедра ұжымы алғыс білдірді.

2021 жыл 1- қыркуйекте «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының 1,2,3,4 курс білім алушылыры топ тәлімгерлерімен «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты ҚР Президентінің Жолдауын тәрбие сағатында талқылады. Жолдауда айтылған пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді эко жүйе қалыптастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау, ұлттың ұйысуы-одан әрі дамудың басты факторы туралы сөз қозғалып, білім алушылыр Жолдаумен толық танысып, оның орындалуына мемлекет азаматы ретінде жауапкершілігін сезініп, бір ауыздан қолдайтынын білдірді.

Қыркүйектің 29-ы күні сағат 11.00-де «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Діннің қоғамдағы функциялары» тақырыбында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы білім алушыларының қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласы, Дін істері басқармасы зерттеу орталығының қызметкері Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы қатысып, білім алушыларға қоғамдағы діннің маңызы мен алатын орны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қоғамдағы діни ағымдар жөніндегі мәселелерге тоқталып өтті

Қараша айының 24 күні «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде» өткізілген «Тәуелсіз Қазақстанның даму белестері» тақырыбында өткізілген студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының білім алушысы Жумангалиева Арай «Шетелдегі қандастар» тақырыбында және «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының білім алушысы Шағайдулла Айгерім «Ашаршылық — азалы жылдардың атасы» тақырыбында баяндама дайындап, белсене қатысты. Конференция барысында өздерінің зейінділігімен, білімділігімен ерекшеленіп Жұмангалиева Арай 2-орынды иеленіп Дипломмен марапатталды және Шағайдулла Айгерім 3-орынды иеленіп Дипломмен марапатталды.

2021 жылы 29 қараша күні Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы тұлғасы-Елбасы» тақырыбында кітапханада іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты :Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі — өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. Білім алушылар Елбасының еңбектерінен кітап көрмесін тамашалап,еңбектерімен танысты.Сондай –ақ,өлеңдер оқылды,көрініс көрсетіліп,күй тартылып,ән де шырқалды.

Орталық Азия Инновациялық Университеті Академик Мардан Сапарбаев институты Шымкент қаласы спорт басқармасымен бірігіп 2021 жылдың 1 желтоқсанда «Тұңғыш президент күні» және «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай Шымкент қаласындағы Дендросаябағында ұйымдастырылған веломарафонға кафедра оқытушылары мен білім алушылары қатысып, белсенділік танытты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай желтоқсанның 3 күні «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі» білім беру бағдарламасының білім алушыларының белсене қатысуымен «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді. Іс шараның мақсаты: «Қазақстан Республикасының егемендікке, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында ел

басынан өткізген қиын қыстау кезеңдері мен ата бабаларымыздың тәуелсіздік үшін аянбай жасаған ерліктерін» баяндау, насихаттау. Іс шара барысында білім алушылар өз өнерлерін көрсетті және тарихи виктариналық сұрақтарға жауап берді. 1986 жылғы «Ызғарлы Желтоқсанның» құрбаны болған Сәбира Мұхамеджановаға байланысты қойылым қойылды.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Рустемова Айгуль Мақсатбекқызы 03.12.2021ж 15:00де Орталық Азия Инновациялық университетінің білім алушыларымен Отбасы-мемлекет құндылығы,қоғам бірлігі екенін ескере отырып,отбасын сақтау және кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау мақсатында «Отбасы қоғамының тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл.Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай факультет тарапынан білім алушылардың Отанына деген патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының студенттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сонымен қатар әлем таныған көркем жерлерін, ЭКСПО-2017 инфротуристік құрылымын көркемдеп, өз қолдарымен жасаған макеттерін, бұйымдарын ұсынды.

“Психология күні” мерекесіне орай “Жалпы педагогика және психология” кафедрасы ППк18-1 тобының білім алушылары ізгі тілектерімен керемет көңіл күй сыйлап, оқытушылар мен білім алушыларды күтіп алды.“Психология күні” мерекесіне оқытушылар мен “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 4, 2 курс білім алушылары психологиялық ойындар мен тренингтер өткізді.

https://caiu.edu.kz/%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d1%8c-%d0%bf%d1%81%d0%b8%d1%85%d0%be%d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%b0/

“Жалпы педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы А.С.Ускенбаева өз кезегінде ППк19-1 тобымен “Психология – ғажайып ғылым” атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында кең ауқымды Психология ғылымы туралы сөз қозғалып, білім алушылар мен оқытушыларға мотивациялық тренингтер мен ойындар жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/CX_IkFmonhD/ — «Жалпы педагогика және психология” кафедрасының оқытушысы Д.Т.Бектурсунованың ұйымдастыруымен ППк20-1, ПМНО20-1 топ білім алушылары Академик Мардан Сапарбаев институтының барша білім алушылары мен оқытушыларын келе жатқан “Жаңа 2022 жыл” мерекесімен құттықтап, керемет концерт өткізді. Ән айтылып, би билеп, әр елді саяхаттап жүрген Аяз ата мен Барысты институтымызға шақырып келіп, Жаңа жыл мерекесін ашып берді.

2022 оқу жылының 2 наурызында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасында оқытушы Н.Ж. Айткулованың жетекшілігімен «6B01301 — Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» БББ бойынша І курс студенттері үшін «Көркем жазуға оқыту технологиясы» пәні бойынша «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы: қазақ тілі» тақырыбында ашық семинар сабағы өткізілді. тіл тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті».
Ашық семинар сабағы қазақтың ұлы ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын және оның баға жетпес еңбектерінің маңыздылығын еске алу мақсатында өткізілді. Ұлы ғалым және оның еңбектерінің ізі қазақ халқының ұлттық рухында бүкіл ұрпақты тәрбиелеудің негізі ретінде қазіргі педагогика ғылымында қалады.

16.03.2022 ж. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдағына орай кафедрамыздың оқытушысы А.У.Баидибекова ПМНОк20-2 тобымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейтіп, білім алушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік рухында тәрбиелеу. Студенттер ән айтып, би билеп, Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен қойылым көрсетті. Ашық тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өткізілді.

Ынтымақтастық

«Педагогика» кафедрасында оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі:
-Оқу практиасы,
-Психологиялық-педагогикалық,
-Педагогикалық практика
-Кәсіби практика.

Кәсіптік практиканың әрбір түрінің мақсаттары, міндеттері мен бағдарламасы болады, соның негізінде кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады. Білім алушылардың тәжірибесін басқару процедурасы мыналарды қамтиды:
 практиканы өткізу орындарының болуы туралы ақпаратты талдау;
 өткізу орны бойынша практикаларды жоспарлауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
 бітіруші кафедралардың практикаларды орындауын ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу;
 студенттерді практика өтетін орындарға бөлу;
 тәжірибе нәтижелерін бағалау.

«Педагогика» кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік практикадан өтетін базалар тізімі:

1. №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназия
2. №39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі
3. №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицей
4. «Мың бала» бастауыш мектебі
5. №59 атындагы жалпы орта мектебі
6. «Smart» жалпы орта мектебі
7. №80 IT мектеп-лицей
8. №11 А.Навои атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
9. №44 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі
10. №41 А. Макаренко атындагы мектеп-лицей
11. №16 жалпы орта мектебі
12. №45 мектеп-гимназия
13. №10 Акпан батыр атындағы жалпы орта мектебі
14. «TM and art educational school» мектебі
15. №6 «Казығурт» жалпы орта білім беретін мектебі
16. №85 Әлімжан атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
17. №6 Баласағун атындағы жалпы орта мектеп
18. №12 Максим Горький атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
19. «ASKAR» зияткерлік мектебі
20. №15 Д. Менделеев атындағы мектеп-лицей
21. №22 Қорқыт ата жалпы орта білім беретін мектебі
22. №61 Ахметов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
23. №33 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі
24. №40 Алпамыс батыр атындағы мектеп-гимназия
25. №77 А.Аскаров атындағы мектеп-лицей
26. «Tengri International School» мектебі
27. «Эверест» баспнувши малеб
28. Samal Drimarx School
27 №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы
29. №34 Ю.Гагарин атындағы ЖОМ
30. «Арман» гимназиясы
31. №28 Досполова атындағы жалпы орта мектеп
32. №103 жалпы орта мектебі
33 . №60 жалпы орта білім беретін мектебі
34. №92 жалпы орта білім беретін мектеп
35. №7 К.Сыпатаев атындағы IT мектеп-лицей
36. №31 Терешкова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
37. №62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
38. №43 жалпы орта мектебі
39. №135 жалпы орта мектебі
40. №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназия
41. №74 жалпы орта мектебі

Бітіруші білім алушылардың жұмысқа орналасуы