Бұл қызмет көрсету үшін университетте оқу туралы анықтама алу процесін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған:
- Шымкент қаласының жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына;
- талап ету орны бойынша (әскери кафедра және т. б.);
- қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөліміне.
Қадамдық әрекеттер:
Орта Азия Инновациялық университетінде оқып жатқаныңыз туралы анықтама алу үшін, талап етілген жерге ұсыну үшін сізге мыналар қажет:
- Онлайн-режимде өтініштің тіркеу нысанын толтыру, анықтаманың қайда ұсынылатынын көрсету.
- Өтінім 2 жұмыс күні ішінде қаралады.
- Өтінім берген сәттен бастап 3 күн ішінде дайын анықтаманы сіз офис регистратордан ала аласыз.
- Анықтаманың бұл санаты әрқашан біздің порталда тексерілуі мүмкін жеке нөмірі бар арнайы бланкіде дайындалады. Бланк нысаны ҚР әділет органдарында тіркелген.