ДИПЛОМДАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАУ
Орталық Азия Инновациялық университеті — кезекті, дәстүрлі түрде 24 ші рет түлектеріне ДИПЛОМ ТАБЫСТАДЫ. Ия 1998 жылдан бері негізі қаланған университет бүгінгі күнге дейін 62 500 білім алушысының болашағын бағдарлап, ел игілігі үшін қызмет ететін білікті маман дайындап шығарды. Биылғы жылы университетте 4258 бакалавр, сондай – ақ 911 магистр диплом алуда. Аталмыш диплом табыстау кеші – Шымкент қаласындағы ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ұйымдастырылды. Ресми шараға университеттің Бірінші проректоры Акмалдин Сапардинұлы қатысып, бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, үздік түлектердің дипломын табыс етті. Кештің арнайы қонағы,елімізге белгілі жас әнші,»АЗАРТНИК» фильмі арқылы танылған талантты актер Өтеген Ақсұлтан түлектер үшін әндерін орындады.
Шара барысында түлектер үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көптен күткен дипломдары табысталды.


