Жанға жайлы жатақханада…
Университетке қарасты студенттер үйінде 2025жылдың 14 мамыр күні «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының жоспарлы кезекшілігінде «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мұндағы мақсатымыз білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыру, оларды қоғамдағы өмірге бейімдеу, азаматтыққа, еңбекқорлыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, аға буынға, қоршаған ортаға, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сонымен қатар, жатақхана тұрғындарын бос уақыттарын ұтымды және тиімді өткізуге үйрету, оларды бейресми бірлестіктердің ықпалынан босату, әртүрлі іс-шараларға өзін-өзі жүзеге асырудың қауіпсіз және пайдалы тәсілдерін көрсету еді. Концерттік бағдарламада Музыкалық білім БББ білім алушылары патриоттық әндер айтып, өлеңдер оқыды және кафедра оқытушылары Ұлы жеңіс әндерінен «попури» орындауымен аяқтады, жатақхана тұрғындары жан тебірентер әндерден әсер алды. Іс-шараның соңы бимен жалғасын тапты.