Халықаралық семинар: Жаңа шынайылық жағдайындағы Қазақстан экономикасының даму жолдары

16 мамырда 2025 жылы «Бизнес және құқық» факультетінде «Құқық» және «Бизнес және туризм» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен «Қазақстан экономикасы: қазіргі геосаяси жағдайдағы жай-күй және даму тенденциялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Ресей мен Өзбекстаннан келген қонақтар қатысып, баяндамалар жасады:

  1. Меркулова Е.Ю. – Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің аумақтарды кеңістіктік дамыту және өмір сүру сапасы орталығының директоры, э.ғ.д., профессор. Баяндама тақырыбы: «Дағдарыс және оларды шешу жолдары».
  2. Кузибоева О.М. – Қоқан мемлекеттік университеті, география ғылымдарының докторы, профессор
  3. Бабаева Н.М.- Қоқан мемлекеттік университеті, э.ғ.д., профессор

«Құқық» және «Бизнес және туризм» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады.

  1. Құралбаева А.Ш. — э.ғ. д., «Бизнес және туризм» кафедрасының профессоры

«Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы және даму стратегиясы».

  • Абдикеримова А.А. – «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы. «Құқықтық мәдениет пен құқықтық сана: заманауи қоғамның дамуындағы рөлі»

3. Туракулова Л.Р. – э.ғ.к., Бизнес және туризм кафедрасының аға оқытушысы

«Банк ісіндегі жасанды интеллект»

4. Шеримова Н.Ш. —  з.ғ.к., «Құқықтар» кафедрасының аға оқытушысы.«ЕАЭО аясындағы кейбір мәселелер: оларды шешу жолдары»

Одан кейін, Шадиева А.А. – «Бизнес және туризм» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қонақтарға сертификаттар табыс етті.

Семинар өз деңгейінде өтті, баяндамалар мазмұнды болды, талқылауға қатысуға мүмкіндік туды. Спикерлер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті, қатысушылар жағымды эмоцияларға ие болды.

Share this Post