Республикалық деңгейдегі тағы бір жарқын жетістік!

2025 жылдың 3–4 мамыр күндері университетімізде өткен дәстүрлі “RITORICA CUP III” республикалық пікірсайыс турнирінде “NOMAD” фракциясы бас жүлдені жеңіп алды!

Орталық Азия Инновациялық университетінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткен бұл интеллектуалды дода еліміздің әр өңірінен келген үздік пікірсайысшылардың басын қосты. Финалда шебер шешендік, терең талдау мен өзара үйлесімді серіктестік танытқан Абдураширова Мехринос пен Асанов Ғани — турнир жеңімпаздары атанып, университет мәртебесін асқақтатты.

Бұл — жай ғана кубок емес. Бұл — білім мен идеяның жеңісі!

Университет атынан жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, осындай ауқымды жобаны жоғары деңгейде ұйымдастырған “Риторика” интеллектуалды клубының жетекшілеріне және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Share this Post