Ғылым апталығы жалғасуда…

«Ғылым апталығын» мерекелеу аясында Орталық Азия Инновациялық Университетінің білім беру бағдарламалары бойынша, бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлаған болатын,  осыған орай, 30.04.2025ж. күні 6В01409 – «Көркем еңбек және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша 3 – курс білім алушыларына п.ғ.к., аға оқытушы Ж.Күнпейістің «Ғылыми зерттеу және академиялық хат» деп аталатын пәнінің  оқу бағдарламасында «ЖОО-да Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Ғылыми зерттеу жұмыстарының зертханаларының маңызы» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетіне қарасты, Ғылыми зерттеу институтына экскурсия жасады.

 

Мұнда «Тамақ инженериясы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., Иманбаев Алимжан,

Археология және антропологиялық зерттеулер ғылыми орталығының басшысы п.ғ.к., доцент А.Саипов,

«Тамақ биотехнология» ғылыми зерттеулер орталығының зертхана меңгерушісі т.ғ.к. Алибеков Равшанбек басқаратын зертханалардың заманауи құрал – жабдықтарымен жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарымен және ғалымдардың еңбектерімен кеңірек мәліметтер алды.

Әсіресе Тамақ өнеркәсібінің құрал – жабдықтары белгілі академик О.Балабеков мырзаның «Ғылыми зерттеу мектебінің» ғылымға қосқан еңбектері туралы мәліметтер алып, естелік суреттерге түсіп қайтты.

Біз үшін маңызды мақсаттардың бірі-әрбір ғалымдардың жетістігін, тәжірибелеімен бөлісу  және жастар үшін ғылымның тартымдылығын арттыру.

Қорытындылай келе, құрметті ғалымдарға  кәсіби күнделікті қажырлы еңбегі үшін, бірегей әзірлемелер үшін, идеяларыңыз үшін, тәсілдер мен батыл эксперименттер үшін алғысымыз шексіз!!!

Share this Post