ЦАИУ оқытушысы Туркістандағы кеңейтілген отырыста тәжірибесімен бөлісті
2025 жылғы 25 сәуірде Түркістан қаласы, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында «Туризм индустриясында жаңа форматтағы мамандар даярлау» атты Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. ОАИУ-нен аталған іс-шараға “Бизнес және туризм”кафедрасының магистр оқытушысы Пардабай Бағдат Елібайұлы қатысып, туризм мамандығы бойынша кадр даярлау барысында жаңа трендтерді пайдалану жұмыстары бойынша тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға Республикадағы ең ірі жоғарғы оқу орындары қатысты.
