Біздің студент VIII Халықаралық стартап-жобалар байқауының жүлдегері
Мирас университеті өткізген «Өз ісі-2025» VIII Халықаралық стартап-жобалар байқауының қорытындысы бойынша «Техника және ақпараттық технологиялар» кафедрасына қарасты, 6В06103-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасың 3-ші курс білім алушысы Жақсылық Бекарыс Бауыржанұлы ақтық мәреге өтіп, «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп, қаржылай сыйлыққа ие болды. Ғылыми жетекшісі: магистр, оқытушы Шынжігіт Бекмұрат Бекболатұлы.