Халықаралық ынтымақтастық аясында ғылыми семинар өтті
2025 жылғы 8 сәуірде Орталық Азия инновациялық университетінің «Тілдер және әдебиет» кафедрасы ғылым және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында оқытушыларға арналған ғылыми семинар өткізді.
Семинарға қонақ ретінде шақырылған спикерлер:
— Югай Евгения Викторовна, PhD, ағылшын тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті(Өзбекстан, Науаи қаласы);
— Ибрагимова Наргиза Маратовна, PhD, Науаи мемлекеттік педагогикалық университетінің (Өзбекстан, Науаи қаласы) орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті.
Семинар барысында келесі өзекті тақырыптар талқыланды:
- шетелдік ғылыми журналдар мен Өзбекстанның ЖАК тізіміне енген басылымдарда мақалалар жариялау;
- ғылыми еңбектерді (мақалалар, оқу-әдістемелік құралдар, кітаптар) бірлесіп дайындау мүмкіндіктері;
- қазіргі Орталық Азиядағы әйел прозасының поэтикасы.
Қатысушылар баяндамаларды үлкен қызығушылықпен қабылдап, белсенді пікір алмасты. Бұл семинар Қазақстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындарының табысты ғылыми ынтымақтастығының айқын дәлелі болды.

