Көктемнің көркі – Наурыз!

2025 жылдың 4 сәуірінде Орталық Азия Инновациялық Университетінде ерекше форматта Наурыз мерекесі аталып өтті. Ораза айына байланысты кейінге шегерілген бұл ұлттық мейрам барша ұжымға қуаныш пен шаттық сыйлады.

Іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы және кафедра ұжымдары белсенді қатысып, ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, қазақтың ежелгі ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.

Арқан тартыс, асық ату, ләңгі тебу сынды ұлттық ойындарда кафедралар өзара бақ сынасып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Мереке ұлттық нақышта безендірілген алаңда өтті. Әсем әуен, ұлттық киімдер, дастархан мәзірі мен шынайы көңіл-күй қатысушылардың мерекелік рухын одан әрі арттыра түсті.

Осылайша, көктеммен бірге келген Наурыз мерекесі ұжым арасында бірлік пен ынтымақты нығайтып, мәңгілік құндылықтарды ұлықтаған айтулы күнге айналды.

Share this Post