«Педагогика және тілдер» факультеті, «Педагогика» кафедрасының ф.ғ.к., аға оқытушы Орынбаев М.О. 11.03.2025 жылы, сағат 14:40-15:30 аралығында «Педагогика» кафедрасының ПОҚ құрамына «Алаш зиялылары тәуелсіздік жолында» тақырыбында ашық ғылыми семинар сабақ өткізді.
Ашық семинар сабақта Алаш Азаматтарының Тәуелсіздік жолындағы қызметі жайында тын деректерге тоқталып өтілді.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы – қазақ халқының тағдырын айқындаған сындарлы кезең. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты мен ұлттық қысым күшейген тұста, ел болашағы үшін күрескен қазақ зиялыларының жаңа толқыны қалыптасты. Олар ұлттық сананы оятып, халықты білім мен өркениетке жетелеуді өздеріне парыз санады.
«Алаш» қозғалысының жетекшілері – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және олардың серіктері – ел тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек етті. Олар қазақ халқының мемлекеттілікке деген ұмтылысын айқындап, «Алаш Орда» үкіметін құру арқылы ұлттық автономия идеясын жүзеге асыруға тырысты. Алаш азаматтарының қызметі – тек саяси күрес қана емес, сонымен бірге ағартушылық пен мәдени даму жолындағы өршіл ұстаным болды. Олар қазақ тілінде мектептер ашып, ұлттық баспасөзді дамытуға ықпал етті, білім мен ғылымды өрістету арқылы ұлттың болашағын бекемдеуді мақсат етті. Олардың ерен еңбегі мен асқақ арманы уақыт сынынан өтті. Бүгінде Алаш арыстарының мұрасы – тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған ұлы идеялардың бірі ретінде бағаланады.
Сонымен қатар Алаш Арыстарына жеке тоқталып, олардың Алаш Ордадағы рөлі, ағартушылық қызметі, негізгі жетістіктері, ұлттық білім жүйесін дамыту және баспасөз саласындағы қызметінен қуғын-сүргін және қаза тапқан жылдарына дейін толық дерлік тоқталып өтілді.
Яғни Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев және де Исатай Тайманұлы пен Махамбет Өтемісұлына да арнайы тоқталып, өлен шумақтары оқылды.
Сбақты өткізу формасы: Баяндама.
Сабақта қолданылған әдістер: Слайд шоу, ПОҚ- құрамы және білім алушылар мен сұқпат жасау әдіс тәсілі қолданылды.
Көрнекілік құрал-жабдықтар: Слайд шоу (Power Point слайдтары), Презентация, Видеоматериалдар, Power Point слайдтары, сілтемелер.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі ғасырлар бойы жалғасып келген.
Алаш Орда қозғалысы (1917-1920) – қазақ зиялыларының ұлттық тәуелсіздікке, білім мен мәдени дамуға ұмтылысы болды. Мағжан Жұмабаев сынды қайраткерлер бұл идеяны насихаттап, ұлттық сананы оятуға үлес қосты.
Бөкей Ордасы көтерілісі (1836-1838) – Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған әділетсіздікке қарсы халықтық қозғалыс. Жәңгір ханның озбырлығына қарсы шыққан бұл көтеріліс қазақ халқының отаршылдыққа мойынсұнбағанын көрсетті.
Барлық осы оқиғалар – қазақ халқының бостандық пен әділеттілік жолындағы күресінің маңызды кезеңдері. Олардың ерлігі мен идеялары бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауға ықпал етті.
Оқытушы сабақты Cлайд көрсете отырып баяндау және сұқпат жасау әдісін қолдана отырып білім алушыларды қызқтырып, тақырыптың өзектілігі мен мазмұнын толық ашып берді. Сабақ өз мақсатына жетті және жоғарғы деңгейде өтілді.