12.03.2025ж Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Инновация сапалы білім» атты оқу-әдістемелік семинар өтті. Семинарда кафедраның профессор оқытушылары Р.Б. Усенбаева, Б.Ә.Байназарова, Ж.К. Атаева, Ж.Н Жантасова өздерінің оқу барысында қолданатын әдіс тәсілдерімен жаңа инновациялық технологияларымен бөлісіп, білім алушыларға жасанды интеллекті сабақ барысында қалай қолданатыны жайлы үйретілді.
Ұстаз – рухы таза, ой — өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықытың үлгісін көрсететін ұлттық тұлғаны тәрбиелеуші. Жас ұрпақты заман талабына сай оқыту, сапалы білім мен саналы тәрбие беру адамгершілік нәрін беруші шығармашыл ұстаздардың жетістіктері деп қортындылады.