2024-2025 оқу жылының наурыз айының 03-07 күндері аралығында Өзбекстан Республикасының «Мукими» атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтынан г.ғ.д., доцент О.М. Кузенбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетімізде іс-сапармен болды. Бұл сапар университетіміздің «Педагогика» кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылды.
Кузибаева Озодхон Махмудовна – өзінің саласында танымал маман, заманауи педагогикалық білім беру саласындағы ғылыми зерттеулері мен тәжірибесі мол ғалым. Іс-сапар барысында ол білім беру бағдарламаларында оқитын студенттерге бірнеше бағытта дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді. Оларға мыналар кіреді:
-картографиямен топографияның құндылықтары;
-физикалық географиялық ақпараттарды алу;
-далалық және камералдық геодезиялық жұмыстарды құрастыру;
-ландшафттық ұғым ақпараттарын жүйелеу;
-тақырыптық карталардың шығу және даму тарихын талдау;
-География және тарих ғылымдарының өзара байланыстарын ұштастыру;
Озодхон Махмудовна 6B01508 «География-тарих», 6B01601 «Тарих» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білімалушыларға заманауи әдістер мен технологиялар туралы құнды мәліметтер ұсынды. Оның дәрістері мен практикалық сабақтары білімалушылардың теориялық және қолданбалы білімдерін жетілдіруге ықпал етті.
Сонымен қатар, профессор университетіміздің оқытушылар құрамымен және білімалушыларымен педагогика саласындағы заманауи зерттеу әдістері бойынша тәжірибе алмасты. Бұл кездесу университетіміздің ғылыми және оқу-әдістемелік әлеуетін арттырып қана қоймай, көршілес елдердің ғылыми ынтымақтастығын нығайтудың маңызды қадамы болды.
Кузибаева Озодхон Махмудовна сапары тек білім алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар университет оқытушылары үшін де маңызды болды.
Мұндай академиялық ұтқырлық бағдарламалары халықаралық тәжірибе алмасудың маңызды құралы болып табылады және ғылыми қауымдастық арасындағы байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.