Ағымдағы жылдың 26 – ақпанында Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттері тағы бір жаңа спорт кешенінің ашылуына куә болды. Университет құрылтайшысының бастамасымен салынған жаңа ғимарат студенттердің игілігі үшін пайдалануға берілді. Спорт кешеннің жалпы аумағы 2136 шаршы метрді құрайды, биіктігі 11 метр. Халықаралық стандартқа сай. Кешеннің ішінде 3 оқу аудитория, 2 киім ауыстыратын арнайы бөлме және спорттың үстел үстінде ойналатын түрлеріне арналған арнайы кабинеттермен жабдықталған. Ойын залында — үш спорттық ойын түрлерінен жаттығады (кіші футбол, волейбол, баскетбол) .
Орталық Азия Инновациялық университенінің спорт кешеннің ашылу салтанатында бағдарлама бойынша қонақтар арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Спортшылардың шеруін тамашалап, құттықтау сөз сөйледі.
Спорт кешенінің ашылу салтанатына орай университет басшылығы Шымкент қаласындағы барлық ЖОО студенттері арасында волейболдан ашық турнир ұйымдастырды. Ашық турнир волейболдан өтіп,қаламыздағы 7 университетінен құралған 10 құрама командалар екі күн бойы бақ сынады.
Нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жүлделі ІІІ – орынға табан тіресе, жүлделі ІІ – орынды Орталық Азия Инновациялық университетінің құрама командасы жеңіп алды. Ал ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНДЫ Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінен құралған команда жеңіп алды. Үш командаға да қаржылай сыйлық пен арнайы дипломдар табысталды.