ОАИУ профессор-оқытушылар құрамының прокуратура өкілдерімен кездесуі: заң мен тәртіпті талқылау

  Бүгін  Орталық Азия инновациялық университеті «Құқық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің» бөлім бастығы Ақбердиев Аян Асылбекович, аға прокуроры Нурманов Ботабек Бегинбековичпен «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Тақырыптың мақсаты: Заң мен тәртіптің сақталуы – бұл тек мемлекет немесе қоғам алдындағы міндет қана емес, әрбір адамның өзіне деген жауапкершілігі мен қоғамдағы орнын анықтайтын фактор. Университет білім алушылары үшін бұл екі түсінік өте маңызды, себебі олар тек білім алу ғана емес, сонымен бірге өздерінің моральдық және құқықтық жағынан қалыптасуына да назар аударуы тиіс. Заң мен тәртіпке бағыну арқылы біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да құрметтейміз, қоғамға дұрыс ықпал етеміз және әділеттілік пен тәртіпті сақтау арқылы өзіміздің болашағымызды нығайтуға түсіндірілді.

Share this Post