“Бастаңғы кеші” және TALLUP оқырмандар клубының тұсаукесері

Орталық Азия Инновациялық Университетінің белсенді студенттері жатақханада Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына орай ерекше “Бастаңғы кешін” ұйымдастырды.

Бұл кеште студенттер ақынның өлеңдерін оқып, оның шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Сонымен қатар, университетімізде алғаш рет ашылған TALLUP оқырмандар клубы таныстырылды.

Әдебиетке жаны жақын жастардың басын қосқан бұл шара рухани кешке айналып, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады!

 

Share this Post