ОАИИУ студенттері «Қазақ даласында: Ислам және отбасы құндылығы» конференциясына қатысты
Орталық Азия инновациялық университетінің, «Педагогика»кафедрасының «Тарих»білім беру бағдарламасының 1-2 курс білім алушыларын арнайы шақыртумен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастырылуымен «Қазақ даласында:Ислам және отбасы құндылығы»атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
“Сейітжан қари Есжанұлы”мешітінде өткен конференцияда Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп,мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов,Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Әділбек Кәкімұлы тақырып аясында ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Конференция мақсаты-ел ішінде отбасы құндылығын насихаттау,ажырасудың алдын алу және оның себептеріне үңіліп,шешімін іздеу болып табылады.
![](https://caiu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/kafedra_pedagogika_1739166817502-819x1024-optimized.jpeg)
![](https://caiu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/kafedra_pedagogika_1739166817502-1-819x1024-optimized.jpeg)