«Білім Life» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг: білім мен жинақтау арқылы болашақты қалай қамтамасыз етуге болады

2025 жылғы 30 қаңтарда Орталық Азия инновациялық университетінің «Бизнес және туризм» кафедрасы «»Білім Life» жоғары білім алуға арналған мемлекеттік бағдарламасы және болашаққа жинақтау жүйесі» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинар-тренингке шақырылған қонақтар:

  • «Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясының бас менеджері – Алжанова Ақбота Нұрланқызы,
  • «Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясының бас менеджері – Баязитова Әсел Тлекбайқызы.

Семинар-тренинг барысында студенттер «Білім Life» мемлекеттік бағдарламасының артықшылықтары мен болашаққа жинақтау жүйесі туралы ақпарат алды, сондай-ақ «Халық-Life» АҚ мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Share this Post