Киберқауіпсіздік семинары: киберқылмыстардың алдын алу және олардың салдары

Қоғамымыздағы орын алып отырған әлеуметтік желілелерден, компьютерлік құрылғылар мен ұялы телефондар арқылы жасалатын алаяқтық және киберқылмыстар күн сайын саны қарқындап өсіп және жасалу тәсілдері түрлі-түрлі болып өзгеріп келеді. Сонымен қатар бұл қылмыстар кеңінен етек жайып азаматтардың арасында бір-біріне сенімсіздік тудыруға септігін тигізуде, кей жағдайларда лауазымды қызметкерлердің атынан әрекет етіп олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіруде, осы құқық бұзушылықтардан сақтандыру және алдын алу мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, Орталық Азия инновациялық университетінің «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен 24 желтоқсан 2024 жылы сағат 15:00 «Киберқылмыстардың жасалу жолдары мен олардың алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған семинар ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы басшының орынбасары Абеуов Дулат Алиаскарович және ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, «Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы полиция аға лейтенанты Ф. Уралованың «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн байланыспен өткізілді.

Share this Post