«Жетістік критерийлері» семинары: инклюзивті қоғамға қадам
28.11.2024 ж. күні Инклюзивті білім беру аясында «Жетістік өлшемдері» тақырыбында семинардың үшінші кезеңі өтті. Семинардың басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамдық өмірге белсене араласуы, олардың әлеуметтік және кәсіби әлеуетін көрсету, сондай-ақ оларды қолдау мен ынталандыру шараларын насихаттау болды.
🧑🏫 Семинар барысында әлемдегі ерекше жандар туралы презентациялар мен видеороликтер көрсетіліп, қатысушыларға инклюзивті қоғам құрудың маңызы түсіндірілді.
🌟 Арнайы қонақтарымыз:
- Шымкент қаласы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог психолог маманы Байымбетова Жанар Құрымбайқызы мен дефектолог, сурдопедагог Сенгирбаева Райхан Қуанышбайқызы.
- «Психологиялық қолдау орталығы» арнайы білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Беспаева Кульшат Нурмахановна өз білімдерімен бөлісті.