БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР МЕН ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ РУХАНИ АСТАНА — ТҮРКІСТАНДА

Орталық Азия Инновациялық университетінің тәрбие және жастар бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студент жастары Түркістан облысының киелі жерлеріне, оның ішінде көне «Отырар» қаласы, «Арыстан баб» кесенесі және Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне «Бабалар рухына тағзым — ұрпаққа парыз» атты ұранмен зиярат етіп қайттық.

Аталған іс-шараның мақсаты — білім алушы жастарымызға тағлымы мол тарихи, көне киелі өңірдің және бабаларымыздың өткен өміріндегі тың деректерімен таныстыру, бабалар рухына тағзым-ұрпақ парызы екенін ұғындыру. Алғашқы болып Отырар ауданындағы көне «Отырар» (Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд, Фараб-бір қала) қаласына ат басын бұрып, шаһардың сол кездегі тарихы, тыныс тіршілігі және Отырар 5-15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болғаны мен танысты. Келесі кезекте «Арыстан баб» кесенесіне табан тіреп, баба рухына құран бағышталды. Зияратымыздың маңызды мекені Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесімен танысып мол мағлұматтар мен тың деректер алды.

Іс-сапар барысында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушы жастарымыз киелі Түркістанның туристік орталығына айналған «КЕРУЕН САРАЙ» мәдени қалашығында болды. «Тарихты, өткенді білмей, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деген екен шығыс ғұламасы Әл-Фараби. Тәлімі мен тәрбиесі мол маңызды іс-шарадан студент жастарымыз рухани азық алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Share this Post