Студенттерге арналған инклюзивті білім беру бойынша әдістемелік семинар

«Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі» тақырыбында 3 күндік әдістемелік-семинар жоспарланды. 21.11.24 ж. мерзімде жоспарланған «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің заңнамалық негіздері» тақырыбында студенттер үшін арнайы мамандар шақырылып, 2 күннің семинар ұйымдастырылды. Әдістемелік-семинарда «Психологиялық қолдау орталығы» арнайы білім беру бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Беспаева Кульшат Нурмахановна құнды ақпараттармен өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында инклюзивті білім беру концепциясы, оның Қазақстандағы даму кезеңдері және құқықтық аспектілері туралы терең талқыланды. Студенттер инклюзияны енгізудің маңыздылығы, мемлекеттік қолдау шаралары мен білім беру мекемелерінің міндеттері туралы ақпарат алды. Жиынның мақсаты – болашақ мамандарды инклюзивті білім беру саласындағы заңнамалық өзгерістер мен жаңашылдықтармен таныстыру.

Share this Post