БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША «IFES-UEBF 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ.

Туркия Республикасы, Кипр қаласында 03-07 қараша 2024ж.аралығында Final университетінің ұйымдастыруымен БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША «IFES-UEBF 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ өтті. Форумға Орталық Азия инновациялық университетінің «Педагогика»кафедрасының аға оқытушысы Турсынбаева Айнур Закировна қатысып, қазіргі заманауи әдіс-тәсілдермен білімін жетілдіріп,сертификатпен оралды.
Халықаралық форумды өткізу уақыттың өзекті мәселелерін талқылауға және Орталық Азия мен Еуропа университеттеріндегі білім сапасын арттыру жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді; білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға; мамандарды даярлау деңгейін, түлектердің сұранысы мен жұмысқа орналасуын арттыруға; академиялық ұтқырлықты, білім беруді интернационалдандыруды кеңейтуге және «ЖОО – жұмыс беруші-стейкхолдерлердің» барлық мүдделер теңгерімі қағидаттарында өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Форум нәтижесі-тиімді білім беру жүйесін құру бойынша озық тәжірибе алмасуға, нәтижелерді қорытындылауға және дамытуға мүмкіндік берді. Шара жоғары деңгейде өтіп,қатысушы қонақтарға алғыс айтылып,халықаралық сертификаттар ұсынылды.

Share this Post