7 қарашада Түлкібас ауданындағы Мынбай ауылындағы Орталық Азия инновациялық Университеті Жамбыл атындағы мектеп базасында аудан мектептерінің түлектері арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен Олимпиада өткізді. Бұл іс-шара Түркістан облысының аудан орталықтарында пәндік олимпиадаларды, конкурстарды танымал ету шеңберінде жыл сайын дәстүрлі болып табылады, сондай-ақ мектеп оқушылары мен түлектерін Орталық Азия инновациялық университетінің қызметімен таныстырады. Іс-шара «Педагогика» кафедрасының және университеттің студенттік активінің қатысуымен, аудандық білім бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Аталған байқауға Жамбыл облысы Жуалы ауданының 1 мектебі мен 15 мектебінен 34 қатысушы қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті, тапсырмалар 30 сұрақтан тұратын 4 нұсқада ұсынылды. 1 кезеңнің жеңімпаздары 8 мектеп қатысушысы болды. 2 кезеңге қатысушылар «Жаңа Қазақстан» эссе тапсырды. 2 кезеңнің қорытындысы бойынша Ордабай Ағыбайұлы атындағы мектептің қатысушысы Адыбай Оразалы ОАИУ білім беру грантының иегері және жеңімпаз атанды, жетекшісі М. Ахметова, 1 орын және сертификатты Төребек Сырым, «Сеславино» мектебі, жетекшісі С. Аманқұлов, 2 орын және сертификатты М. Әуезов атындағы Пернебек Арайлым, жетекшісі Б. Ботакөз алды, 3 орынды Жамбыл атындағы мектеп Төлепберген Аружан иеленді, университет басшысы Н. Омарова. Университеттің студенттік активі Олимпиадаға қатысушыларға университет қызметі туралы ақпарат, мәліметтерді ұсынды.
Университет атынан аталған іс-шараны жоғары ұйымдастырғаны үшін университеттің ҒЗО бастығы М.А. Жаркинбеков Жамбыл атындағы мектеп әкімшілігі мен аудандық білім бөліміне алғысын білдірді.