Бүгін, Орталық Азия инновациялық университетінің белсенді білім алушылары — қаламыздағы қарттар үйіне барып қайтты. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырмай тұрып, жастар алдын-ала керек заттардың тізімін алып, қаржы жинап, сол заттарды табыстады. Айта кетейік, қайырымдылыққа қаржы жинау мақсатында Тәті пати жәрмеңкесін ұйымдастырған болатын. Бүгінгі шарада жастар концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қарт кісілердің көңілін көтерді.